EGov.kz порталында қандас мәртебесін беру немесе ұзарту мемлекеттік қызметі қолжетімді болды

EGov.kz порталында қандас мәртебесін беру немесе ұзарту мемлекеттік қызметі қолжетімді болды

Қазақстан Республикасының аумағына бұрын тұрған және қайта келген этникалық қазақтар eGov.kz порталында қандас мәртебесін алуға немесе оны ұзартуға өтінім бере алады. 

Енді eGov.kz порталында пайдаланушы өзіне, сондай-ақ отбасының барлық мүшелеріне аталған қызметке онлайн тапсырыс бере алады. Қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Пайдаланушыларға қойылатын міндетті талаптар - ЖСН және ЭЦҚ болуы.

Бұл жаңартулар ҚР Президентінің бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлығы аясында жүзеге асырылды. Жарлықтың негізгі мәні - цифрлық трансформация және мемлекеттік басқарудың барлық салаларының жүйелі реинжинирингі болып табылады.

«Біз мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұрын аталған қызмет ХҚКО мен жергілікті атқарушы органдар арқылы оффлайн түрінде көрсетілгенін атап өткім келеді. Енді ХҚКО бармай ақ, қызметті eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн алуға болады. Бұл қызметтің азаматтар үшін маңыздылығын түсіне отырып, біз қызметті алу процесін жеңілдеттік»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Қызметті қолдану үшін пайдаланушы «Электрондық үкімет» (eGov.kz) порталында қажетті қызмет түрін таңдайды: қандас мәртебесін беру немесе ұзарту. Таңдалған қызмет түріне сәйкес пайдаланушы мәртебесін алу үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық жүйесі арқылы тексеру жүзеге асырылатын болады.

Барлық міндетті жолдарды толтырып, сұратылған құжаттарды қоса тіркеу қажет (файлдар pdf немесе jpg форматында).

Сондай-ақ, өтінім берген кезде пайдаланушы қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қажет отбасы мүшелері бойынша мәліметтерді толтыра алады. Отбасы мүшелерінің санына шектеу жоқ. Бұдан әрі қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қою қажет.

Қызмет көрсету нәтижесі - қандас куәлігі, жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімі не электрондық құжат нысанында пайдаланушының «жеке кабинетіне» жіберілген мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 4 жұмыс күні ішінде.

Бейне нұсқаулыққа сілтеме:

https://youtu.be/AZbiJYf2NaU

Сондай-ақ, қызмет көрсету қорытындысы бойынша қандас куәлігі egov.kz порталының «Цифрлық құжаттар» бөлімінде және Egov Mobile қосымшасында пайда болады.

Қызмет сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ХҚКО-ның және жергілікті атқарушы органдарында көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді eGov.kz-тен онлайн алу ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Қоғаммен байланыс басқармасы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.