Жарлық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру қызметі енді eGov.kz порталында қолжетімді

Жарлық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру қызметі енді eGov.kz порталында қолжетімді

Кәсіпкерліктегі жарғылық капитал үлесінің иелері egov.kz электронды үкімет порталында өз үлесін сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігіне ие болды.

Жаңа «Жарғылық капитал үлесін сенімгерлік басқаруға беру» қызметін egov.kz порталында онлайн алу Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіру арқасында жүзеге асырылды.

         Аталмыш қызмет заңды және жеке тұлғаларға қолжетімді және тегін көрсетіледі. Жаңа қызметтің көмегімен құрылтайшының (жеке тұлғаның) жарғылық капиталдағы үлестерін сенімгерлік басқаруға беру, үлесті басқаруға беру мерзімін өзгерту және сенімгерлік басқаруға беруді қайтарып алу мүмкіндігі бар.

         Жаңа «Жарғылық капитал үлесін сенімгерлік басқаруға беру» қызметін пайдалану үшін «электрондық үкімет» Порталына өту қажет. Содан соң пайдаланушы:

- порталда авторизациядан өтеді;

- қызметке онлайн тапсырыс беруді бастайды;

- ішкі қызметті таңдайды;

- міндетті жолдарды толтырады;

- автоматты тексерулерден өтеді;

- құжаттарды тіркейді (таңдаған ішкі қызметке сәйкес);

- өтінімге электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды;

- өтінімді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне жібереді.

Қызмет көрсету мерзімі тіркеушінің қатысуымен eGov.kz порталында  өтініш берілген күннен кейінгі үш жұмыс күннен аспайды.

«Жаңа қызметтің ыңғайлылығы – үйден шықпай-ақ заңды тұлғаның үлесін онлайн басқаруға беруге болатыны. Біз мемлекеттік органмен бірлесіп қызмет алу уақытын қысқарту аясында жұмыс істеп жатырмыз. ҚР ЦДИАӨМ бірлескен жұмыстың арқасында цифрлық трансформация азаматтар үшін де, кәсіп үшін де көптеген бизнес-процестерді жеңілдетеді және жақсартады»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Қызмет көрсету нәтижесі қызмет көрсету туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

Айта кеткен жөн, мемлекеттік қызметтер тізімінде 700-ге жуық қызмет пен сервис қолжетімді, оның ішінде 2021 жылы egov.kz электрондық үкімет порталында 92 %-ы автоматтандырылды. Egov.kz порталының көмегімен азаматтарға шамамен 50 миллион қызмет көрсетілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 6 миллионға көп. Сондай-ақ, авто және ЖК қайта тіркеу, бала туу бойынша жәрдемақыға өтініш беру және т.б. мемлекеттік қызметтер екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына енгізілді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Қоғаммен байланыс басқармасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Kit 10 февраля 2022 17:39

    Thanks for finally talking about >Жарлық капиталдың үлесін
    сенімгерлік басқаруға беру қызметі енді eGov.kz порталында қолжетімді » Infozakon <Loved it!

    Feel free to visit my homepage :: forex binary options arbitrage

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.