Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 94,9%-ға жетті
Жыл басынан бері Ақмола облысының мемлекеттік органдарымен және мекемелерімен 2 млн.271 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген қызметтердің үлесі 82,9% құрады.
Электронды форматта көрсетілген қызметтердің үлесі 94,9%-ға жетті.
Сондай-ақ, қағаз түрінде жиі көрсетілетін қызметтер бар. Бұл мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін немесе мұрағаттық үзінділерді беру – 2 317, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – 1 105, жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну – 667.
Электронды түрде көрсетілген қызметтердің ең көп саны: дәрігердің қабылдауына жазылу – 1 316 799, азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну – 158 342, жедел медициналық көмекті шақыру – 65 404.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсетумен айналысатын мемлекеттік органдар мен мекемелер мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша уақтылы шаралар қабылдауда.
Жазира Сейтмағанбетова, ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз хатшысы
[xfvalue_img]
7 пікір