Елорданың бірнеше нысандарына бомба қойылғаны туралы жалған хабарламалар келіп түскен.
Бүгін полицияға, "102" арнасына "My car" және "Lexus" автосалондарының, сондай-ақ "Хан Шатыр" және "Mega Silk Way" СОО-ның электронды мекенжайына белгілі бір электронды мекенжайдан жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хат келіп түскені жөнінде бірнеше шақырту келіп түскен.
Қазіргі уақытта қаланың шұғыл қызметтері нысандарды тексерумен айналысып жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш құрылғылардың қойылғаны туралы көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделетінін ескертеді. Азаматтардан дүрбелең тудырмай, өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір