ШҚО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Е.Жалмағамбет Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандары әкімдіктерінің басшылығымен, «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің жетекшілерімен және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жауапты мемлекеттік қызметшілермен кеңес өткізді. Кеңесте «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы» және «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (ТБН-4) жобасын іске асыру мәселелері қаралды.

Ел Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.

2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір сарынды іс-қимылдан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген нысандарын қабылдамауына, алдын алу шараларының басымдығына көшетіндігі көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, тәрбиелеу және білім беру шараларын жүйелеу, мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық өкілдерін парасатты мінез-құлыққа ынталандыру арқылы сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамауға қол жеткізілетін болады.

«Тұжырымдамада тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа ерекше назар аударылған. Себебі парақорлықтың үлкен үлесі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Өкінішке орай, қоғамда қандай да бір артықшылықтар алу немесе қандай да бір мәселені шешу үшін пара беру оңайырақ деген пікір бар», - деп атап өтті өз сөзінде Ерлан Жалмағамбет.

Сондай-ақ, тұжырымдамаға сәйкес мемлекеттік аппарат арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жаңа құралдар енгізілуде. Атап айтқанда, жосықсыз қызметшілерді уақтылы анықтауға және жұмыстан босатуға, олардың ықтимал сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен мемлекет пен қоғамға зиян келтіруіне жол бермеу мақсатында парасаттылыққа тексеріледі (integrity check) .

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың келесі шарасы – «ақшаны қадағалау (follow the money)» қағидатын іске асыру, активтерді іздеу және қайтару, қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу.

Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлықты экономикалық және бедел жағынан тиімсіз етуге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, оның ішінде корпоративтік сектор үшін де өзекті міндет болып табылады.

Осыған байланысты, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында корпоративтік стандарттарды сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын іске асыру бойынша өзгерістер енгізілді.

Бүгінгі таңда облыста 389 квазимемлекеттік сектор субъектісінде комплаенс-қызмет құрылды.

«Бұл шаралардың барлығы адалдық пен парасаттылықты ынталандыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған» - деп түйіндеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.