Ербол Қарашөкеевтің оңтүстік өңірлерге сапары жалғасып жатыр

Ербол Қарашөкеевтің оңтүстік өңірлерге сапары жалғасып жатыр

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Ауыл шаруашылығы министрі еліміздің оңтүстік өңірлеріне жұмыс сапарын жалғастырды. Ербол Қарашөкеев Түркістан облысының шаруа қожалықтарын аралап, қара өрік бағының жобасымен, сондай-ақ егіс жұмыстарының барысымен танысты.

Ведомство басшысы «Түркістан Агро XXI» және «Ынтымақ Агро XXI» шаруашылықтарының алқаптарын аралап көрді. Онда сала басшысына техниканың дайындығы және егіс науқанын сәтті өткізу үшін барлық қажетті құралдардың бар екені көрсетілді. Аталған шаруашылықтар заманауи суару жүйелерін сәтті енгізді, деп атап өтті министр.

Ербол Қарашөкеев 2013 жылдан бастап бау-бақшаны дамытумен айналысатын «TURKISTAN FRUIT» компаниясының қара өрік бағының жобасымен танысты. Бақша 400 га аумақта орналасқан, барлығы 1,6 млн астам көшет отырғызылды. Компания Еуропаның жетекші бау-бақша компанияларымен өзара ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Бұдан әрі министр егіс жұмыстарының барысын бақылап, Үкімет фермерлерді егін жұмыстарына дайындауға ерекше назар аударатынын атап өтті. Қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті қадамдар қабылданып, фермерлер тұқым материалдарымен қамтамасыз етіліп жатыр.

Ербол Қарашөкеев фермерлердің назарын өнімділікті арттыруға ықпал ететін инновациялық технологияларды белсенді енгізу қажеттігіне аударды, сондай-ақ шаруашылықтарды техникалық жаңартуға шақырды. Су үнемдеу технологияларын қолданудың маңыздылығына ерекше назар аудару керек, деді министр.

Түстен кейін министр Қызылорда облысына барды, онда көктемгі дала жұмыстарының барысын бақылап, фермерлермен кездесті. Сонымен бірге облыстың АӨК дамыту мәселелері жөніндегі кеңесіне қатысып, құс фабрикасының жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Түгіскен ауылының тұрғындарымен кездесіп, онда «Түгіскен» тәжірибелік шаруашылығының жер мәселесі талқыланды.

 Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен кеңес барысында қатысушылар «Түгіскен» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС тарату туралы шешім қабылдады. Заңға сәйкес тарату комиссиясы құрылады, оның құрамына барлық мүдделі органдар мен аудан тұрғындары кіреді.

Қажетті рәсімдер жүргізілгеннен кейін тәжірибелік шаруашылық жойылып, оның жері жергілікті атқарушы органның балансына қайтарылады.

Жалпы, көктемгі егіс жұмыстарын межелеген мерзімде сәтті аяқтау үшін өңірлердің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында барлық жағдай жасалған, деп түйіндеді жиынды ведомство басшысы.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.