ЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ БАСТЫ НАЗАРДА
Елімізде Республика Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Бүгінде осы құжат аясында үздік технологиялар мен озат тәжірибелер негізінде барлық салада цифрландыру шаралары атқарылуда.
Цифрландыру өз кезегінде барлық салалардағы жаппай бюракратияны жоюды көздейді. Дегенмен, мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мәжілісінде сөйлеген сөзінде осынау маңызды шараның өз жемісін бермей отырғандығын атап өтті. Осы орайда ел Президенті ақпараттық жүйені интеграциялау мемлекеттік органдарды қағаз бастылықтан арылтып, қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін арттыру тиіс деп атады.
Бизнеске жер учаскелерін таңдау және бөлу рәсімдерін цифрлық форматқа көшіру бағытанда облыста «E-Jambyl» доменді атаумен өңірлік геоақпараттық жүйе құрылды. Жүйеде облыстың барлық аудан, ауылдық округ және қала кескінінде бос жер учаскелерін көру мүмкіндігі қарастырылған.
Өңірлік геоақпараттық жүйеде халыққа қол жетімді ақпарат алу мақсатында облыс аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, анықталған 1,1 млн. га (о.і 20,8 мың егістік, 7,0 мың га шабындық, 1,07 млн га жайылымдық) бос жер учаскелері орналастырылды.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік мақсаттағы бос жер учаскелері де орналасқан. Бұл өз кезегінде аудан, қала тұрғындары кәсіпкерлікпен айналысуға ниетібар азаматтарға жер учаскесін көруге және таңдауға қол жетімді.
Жер қатынастары саласында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, иноовациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімін бекіту туралы» №39/НҚ бұйрығына сәйкес халыққа 10 мемлекеттік қызметтер түрлері көрсетілуде.
Аталған «E-Jambyl» геоақпараттық жүйеде Мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты, бірыңғай талаптарға сәйкес жер қатынастары бойынша – 8 мемлекеттік қызметті автоматтандыру жұмыстары жүргізілді.
1.Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту
2.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
3.Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
4.Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
5.Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату
6.Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру
7.Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау
8.Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру
Аталған «E-Jambyl» геоақпараттық жүйесіне жер қатынастарына қатысты барлық мәліметтер орналастырып, үнемі жаңартылып отырады. Бүгінгі күнге «E-Jambyl» геоақпараттық жүйені жүргізуші болып облыстық цифрландыру басқармасына жүктелген.
Облыс бойынша жерге деген ашықтықты және жемқорлықтың алдын алу немесе жою мақсатында аукциондар мен конкурстардың қағаз жүзінде жүргізілуі сауда-саттыққа қатысушылардың наразылығын болдырмау үшін 2020 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Ақпараттық - есеп орталығы» АҚ-мен келісім жасалып, аукциондарды өткізу электронды форматқа көшірілді. Қазіргі кезде бұл шара Мемлекеттік мүлік реестрі веб-порталы арқылы жүргізілуде.
Жердің сауда-саттығын өткізу жөніндегі хабарлама жергілікті атқарушы органның, Басқарманың және Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайттарында жарияланатындықтан сауда-саттыққа қызығушылық танытқан Республиканың барлық аумағының тұрғындары қатыса алады.
Ендігі кезекте, жерді жалға берудің конкурстық жүйесін электронды форматқа көшіруге дайындық жұмыстары атқарылуда. Әзірге орталық уәкілетті орган тарапынан әзірленетін конкурсты электронды түрде жүргізудің Ережесін бекітудің кешеуілдеп жатқанын айту керек.
Өткен жылы 15 аукцион ұйымдастырылып 104 жер учаскесі 170,9 млн.теңгеге сатылды.
Сонымен қатар, облыс тұрғындарының жерге кезектілігі электронды жүйеге көшіріліп, оған http://izhs.uzo-zhambyl.kz сайты арқылы қол жетімділік қамтамасыз етілді. Сайтқа кез-келген азамат өзінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы кіре алады.
Қазіргі кезде кезектіліктің электронды жүйесі Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алушылардың Бірыңғай Республикалық реестріне азаматтардың кезектілігі мен жер учаскесін алғандығы туралы тізімі енгізілді.
Бұл өз кезегінде елдің басқа өңірлерінен жер учаскесін алған тұлғаларды тізімнен шығарып, кезектілікті өзектендіруге мүмкіндік беретін болады.
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысы
Б.Көпбосынов
[xfvalue_img]
20 пікір