Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар айналымы қадағаланады

Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар айналымы қадағаланады

 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінде "Тауарлар айналымын қадағалап отыру" ұғымы енгізілді деп хабарлайды.

Қадағалау арқылы кедендік және салықтық төлемдерді төлеуден жалтарудың жолы кесіледі.

Ондай ұғым Салық кодексінің 69–бабы 4-тармағының 8) тармақшасында және 176-1-бабында белгіленген.

Жаңашылдық Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімді Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 29 мамырда ратификациялауына және аталған келісімнің 2021 жылғы 3 ақпанда күшіне енуіне байланысты болып отыр. Осыған дейін 2019 жылы 29 мамырда бұл келісімге қол қойылған болатын. Одаққа мүше елдер келісім күшіне енгеннен бастап 12 ай өткеннен кейін қадағалап отыру тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды бастауға міндеттеледі.

Тауарлар айналымының қадағаланып отыруы қадағалануға жататын тауарлардың және қадағаланудың ұлттық жүйелерін пайдалана отырып, осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялардың есебін ұйымдастыруды көздейді.

Біздің елімізде осындай жүйе ретінде Мемлекеттік кірістер комитетінің «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі танылады.

Қадағалап отырудың көрсетілген тетігін енгізудің мақсаты кеден және салық төлемдерін төлеуден жалтарудың әртүрлі схемаларын пайдалануды, сондай-ақ оларды трансшекаралық саудада өткізу кезінде тауарлар айналымының заңдылығын растауды болдырмайтын жағдайлар жасау болып табылады.

Әкімшілендіру қадағалап отыруға жататын тауарлар айналымына байланысты операциялар арқылы жүзеге асырылады. Осы бақылау ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық бақылау жүйелерінен мәліметтер алмасу арқылы жүргізілетін болады.

Осылайша, Қазақстан Республикасы ЕАЭО елдерінің ақпараттық жүйелерінен Қазақстанға жіберілетін тауарлар туралы, осындай тауарлардың өнім берушілері мен сатып алушылары және олардың айналымы жөніндегі операциялар туралы мәліметтерді онлайн-режимде алатын болады.

Қадағалап отыру ЕАЭО аумағына әкелінетін импорттық тауарлар бойынша жүзеге асырылатын болады. Қадағалап отыруға жататын тауарлардың тізбесін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі бекітеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.