Этномәдени ұйымдарымен түсіндіру жұмыстары өткізілді
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті қалалық "Алеф" еврей этномәдени бірлестігімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аса маңызды істер жөніндегі офицері Алмагүл Кенебаева департаменттің жұмысы және парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша жаңа бастамалар туралы айтып, барлығын қоғамда белсенді болуға шақырды. Сондай-ақ, азаматтық сектордың тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға қатысуының және нөлдік төзімділік атмосферасын құрудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, кездесу қатысушыларына "Астана – адалдық алаңы", "Protecting Business and Investments", "Adal komek", Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және т.б. іске асырылып жатқан жобалар және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау үшін 1424 Call-орталығының жұмысы туралы ақпарат берілді.
Жалпы, қатысушылар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша өзекті мәселелерді және тиімді шешу жолдарын талқылап, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
[xfvalue_img]