СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін жалпы сомасы 1 млн. теңгеден астам сомаға 5 адамға сыйақы берді
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин ведомствоның ағымдағы жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындыларына арналған брифинг барысында хабарлады.
Департаментпен өткен кезеңде барлығы 74 қылмыс тіркелді, оның ішінде 66 сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша.
«Мемлекеттік органдардың 8 басшысы әшкереленді. Белгіленген шығын сомасы 420 млн теңгені құрады, оның 99%-ы өтелді. Ағымдағы жылы 18 адам сотталды, оның ішінде: 5 - бас бостандығынан айыруға, 1 - бас бостандығын шектеуге, 12 - айыппұлға сотталды», - деді Нұрлан Жахин.
Спикер үкімдері заңды күшіне енген қылмыстық істер бойынша бірқатар мысалдар келтірді.
Атап айтқанда, Петропавл қалалық сотының үкімімен СҚО әкімі аппараты Шаруашылық басқармасының басшысы Жұмабаев 7 жылға және оның орынбасары Сағдеев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Олар жылу жүйесін ағымдағы жөндеу бойынша Мемлекеттік сатып алудың жалған шарттарын жасасу жолымен 5 млн.теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген болатын.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу шарттарын кедергісіз жасағаны үшін 3 кәсіпкерлік субъектісінен жалпы сомасы 1 млн.теңге пара алуда Жұмабаевтың кінәсі дәлелденді.
Ал ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің бас сарапшысы Ашанбаевқа қалааралық және халықаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жеке кәсіпкерді пара беруге итермелегені үшін алаяқтық фактісі бойынша 30 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
[xfvalue_img]