Жемқор әріптестерінің мысалында санаға ой салу
2021 жылғы 12 қазанда Петропавл қалалық соты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша алаяқтық фактісі үшін Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарды.
Сот ағымдағы жылдың 21 сәуірінде сотталушылар патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы бола отырып, аз. Х-ға. оның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы жалған ақпарат беріп, алдау жолымен 150 000 теңге көлемінде ақша қаражатын жымқырды.
Нәтижесінде сот сотталушыларға қатысты ұрланған мүліктің 10 еселенген мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады, сондай-ақ олар өмір бойы тиісті органдарда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Бұл іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен заң бұзушылыққа жол берген тұлғалардың әріптестері онлайн режимде бақылады.
Превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулиннің айтуынша, енді сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша барлық сот процестерін осындай форматта өткізу жоспарланып отыр.
«Агенттік бұл жаңашылдықты мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету үшін енгізді. Осылайша, біз сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдары туралы мемлекеттік қызметшілердің санасына олардың әріптестерінің мысалында әсер етуді көздейміз. Бұл идея өз жемісін беріп, адамдардың ойы өзгереді деп үміттенеміз» - деді Дамир Хабибулин.
[xfvalue_img]