«ANTIKOR ORTALYǴY» АЛАҢЫНДА ПРОФЕССОРЛЫҚ ҚҰРАМ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАРЫН КЕЛТІРДІ

«ANTIKOR ORTALYǴY» АЛАҢЫНДА ПРОФЕССОРЛЫҚ ҚҰРАМ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАРЫН КЕЛТІРДІ

Бүгін «ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында «Тұран-Астана» университетімен бірлесіп кездесу өткізілді, онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберіндегі ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Қазірдің өзінде ЖОО-да түрлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Таза сессия", "сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!", флеш-мобтар, семинарлар және тағы басқа іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жүргізіліп жатқан жұмысты превентивті сипатқа қайта бағдарлау процесімен парасаттылық мәдениеті саласындағы үздік практиканы қамтитын біріктіруші және кешенді жоспар қабылдау қажеттігі жеткізілді.

Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қолданыстағы тәжірибесі және "Тұран-Астана"Университетінде жүзеге асырылып жатқан емтихан рәсімдерін өткізудің ашықтық деңгейін арттыру туралы айтып берді.

ЖОО өкілі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сман Айсана Сманқызы университетте жұмыс істейтін факультет, кафедра және оқытушылар құрамы басшыларынан тұратын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтып берді, онда университетте және жалпы қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік туралы мәселелер талқыланады.

Іс-шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарын айтты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Марат Мұратқалиұлының айтуынша, кездесуге қатысушылардың бірлескен іс-қимыл жоспары академиялық қоғамдастық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеуде неғұрлым жүйелі тәсілді жүзеге асыруға мүмкіндік береді және жастар арасындағы азаматтық белсенділік деңгейін арттырады.

Кездесуге заң ғылымдарының кандидаттары, "Тұран-Астана" университетінің ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының доценттері Егізбаев Нұргелді Оразгелдіұлы, Еңсебаева Анель Рахметжанқызы, PhD докторы, доцент Смойлов Самат Жұмағалиұлы, "Тұран-Астана" университетінің заңгері Исмагулова Айгүл Төреханқызы және кафедраның аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Ягмусова Ақерке Файзуллақызы белсенді қатысты.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, сәулет, құрылыс, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салаларында, мемлекеттік кірістер органдарында, сот және құқық қорғау органдарында азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ұсынымдар берілді.

Кездесу өте белсенді және жемісті өтті. Тараптар одан әрі ынтымақтастық туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөнінде шаралар қабылдау туралы уағдаласты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.