КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ СЕКТОРЛАРДА КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТТЕРІН ДАМЫТУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ
Бүгін «Antikor Ortalyǵy» алаңында «Antikor.live» және «Protecting Business and Investments» жобалары шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бастамасымен елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту мәселесі бойынша онлайн кездесу өтті.
Іс-шараға «The Development Fund of Agriculture LTD» (TDFA) директорлар кеңесі Төрағасының заң мәселелері жөніндегі кеңесшісі Аманай Махметов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Диас Қозыбаев қатысты.
Аталған компанияда комплаенс-қызмет жұмыс істейді.
Диас Қозыбаев өз сөзінде бизнесті парасатты жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу бойынша міндетті заңнамалық деңгейде енгізілген және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейді. Сондай-ақ, спикер аталған жұмыстар комплаенс-қызметтерді құру, оларды білікті кадрлармен жасақтау барлық квазимемлекеттік секторларда жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде Аманай Махметов TDFA қызметі және онда құрылған комплаенс-қызметінің қызметі туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты азайтуға және елдегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-шаралар туралы толығырақ айтып берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институты жүргізілген сәттен бастап TDFA – да парасатты бизнес қағидаттарын құру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде-деп хабарлады спикер.
Кездесу соңында қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға мүмкіндік беретін ашық диалог өтті.
[xfvalue_img]