Петропавл қаласы әкімдігінің қызметкері пара алғаны үшін 9 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді

Петропавл қаласы әкімдігінің қызметкері пара алғаны үшін 9 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді

Петропавлда «Antıkor ortalyǵy» алаңында СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің қатысуымен «Петропавл қ. әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» басшысының м.а. Мадияр Жангудинге қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша ҚР ҚІЖК 200-бабының тәртібінде ұсыным қаралды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2021 жылғы ақпанда Жангудин тұлғасында тапсырыс беруші ретінде әрекет еткен «Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» КММ мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде күзет агенттігімен арасында мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) күзету және патрульдеу жөнінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны анықталды.

«Лауазымды тұлға заңсыз материалдық баю мақсатында 150 мың теңге мөлшеріндегі ай сайынғы ақшалай сыйақы үшін агенттік директорына шарттың және техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес өнім беруші объектіні тәулік бойы күзетуді іс жүзінде жүзеге асырмай, серіктестік көрсеткен мал қорымын қорғау жөніндегі қызметтердің актілерін ай сайын бекітуді ұсынды», - деді Нұрлан Жахин.

Осылайша, шенеунік ағымдағы жылдың сәуір айында күзет агенттігінің директорынан алғашқы сыйақы ретінде қолма-қол 50 мың теңге және карточкалық есепшотқа аударым арқылы 100 мың теңге алған кезде облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандарымен әшкерелеген.

«Петропавл қалалық сотының үкімімен Жангудин ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған осы бап бойынша пара сомасының 60 еселенген мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, бұл 9 млн. теңгені құрайды, бұған қоса мемлекет кірісіне 150 мың теңге тәркіленіп, оған мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды», - деп мәлімдеді Жахин.

Қарау қорытындысы бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынымы бойынша Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысы сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.