Семей әкімдігі қаланың ескі ғимаратының бұзылуына байланысты құқық қорғау органдарына жүгінді

Семей қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бұрынғы көпестің үйін рұқсатсыз бұзу фактісі бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жолдады

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында тарихи маңыздылығы мен сақталу дәрежесін анықтау мақсатында тарихи-мәдени сараптамадан өтіп жатқан бұрынғы көпес үйінің қабырғасы рұқсатсыз бұзылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ғимарат иесі оның жанынан сауда үйін салған еді. Ал оның орнына тұрғын үй салу үшін бұрынғы мұражайды бұзып тастауды жоспарлаған болатын. Семейге жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов кәсіпкермен кездесіп, онымен әңгімелесу барысында билік құрылысты бастапқы қалыпына келтіруге қаржы бөлуге ниетті екенін айтты. Сондай-ақ, ол жергілікті атқарушы органдар ғимараттың тарихи құндылығын растау үшін қажетті құжаттарды дайындағанын атап өтті.

ШҚО Мәдениет басқармасының ақпараты бойынша, ескі ғимаратқа жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру процесі қолға алынған, сондықтан оның иесі ғимараттың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

«Ғимарат тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне әлі енген жоқ. Алайда биыл 9 маусым күні тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысында оған жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру мәселесі қаралды», - дейді ШҚО Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Нұрмұханова.

Оның айтуынша, 9 маусымнан бастап көпес үйінің қазіргі иесі оның сақталуын қамтамасыз етуі керек. Ал ол болса ғимарат қабырғаларының бірін бұзуға жол берген. Аталған факт бойынша Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі құқық қорғау органдарына жүгінді. Егер ғимаратты иесінің өзі бұзғаны анықталса, оған қатысты қылмыстық іс қозғалады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.