«ANTIKOR.LIVE": қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастырудағы руханилық және адамгершілік
«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің «Антикор орталығында» облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Мұқатай Ермек Тасболатұлы "Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастырудағы руханилық және адамгершілік" тақырыбында тікелей эфир өткізді.
Кездесу барысында Ермек Тасболатұлы сыбайлас жемқорлықтың рухани-адамгершілік салдарын түсіндірді. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен дайындалған «Жеті рухани қазық» рухани тұғырнамасын, оның негіздері: имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, әділдік туралы түсінік берді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты жою үшін қоғамда адамгерлішілік қасиеттерді, оның ішінде парасаттылық, адалдық, әділдікті қалыптастыру қажет деп атап өтті.
Қорытындылай келе, Ермек Тасболатұлы ислам дініне сәйкес, сыбайлас жемқорлық, пара беру де, алу да, арасында делдал болу да үлкен күнә болып табылатындығын атай келе, адал еңбек етіп, еліміздің нағыз патриоты болуға шақырды.
Сондай-ақ, Ермек Мұқатай ақпараттық-ағартушылық штабының белсенді мүшесі ретінде өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын насихаттауға қосқан ерекше үлесі үшін ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының алғыс хатымен марапатталды.
[xfvalue_img]