Ертіс өңірінде «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің нәтижелері белгілі болды
Облыстық конкурстық комиссияның шешімі бойынша Тереңкөл ауданы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Раушан Ибраева біздің өңіріміздің атынан республикалық деңгейде қатысатын болады. Конкурс қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі жеңімпаз деп танылған мемлекеттік орган да «Ең әдепті мемлекеттік орган» мәртебесіне ие болады.
Қатысуға барлығы 3 өтінім келіп түсті. Бұл Тереңкөл, Железин және Май аудандары әкімдіктерінің Әдеп жөніндегі уәкілдері. Қатысушылар «Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық құндылықтарын дамытуға менің қосқан үлесім» тақырыбында эссе жазып, өз қызметі туралы есеп берді.
Байқаудың мақсаты - мемлекеттік қызметшілер арасында моральдық-этикалық құндылықтарды дәріптеу, Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру.
Ибраева Раушан Қайыртасқызы - Тереңкөл ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл.
1977 жылы 3 қазанда Қашыр ауданы, Ынталы ауылында дүниеге келген. С. Торайғыров атындағы ПМУ-ды орыс тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қызылтаң ЖОББМ-де бастады. 2005 жылдан бастап орыс тілі мұғалімі, директордың орынбасары, Тереңкөл ауылының К. Оспанов атындағы № 3 ЖОББМ директоры болып жұмыс істеді.
2012 жылдың қазан айынан бастап мемлекеттік қызметте. Бобровский, Береговой ауылдық округтерінің әкімі лауазымдарында жұмыс істеді. 2016 жылдың 28 желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. 2020 жылғы сәуірден бастап Әдеп жөніндегі уәкіл болып табылады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]