Көкшетауда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Бүгін Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде бітіруші курс студенттері үшін онлайн-бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге өңір ұйымдары қатысып, студенттер назарына өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жәрмеңке шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері мемлекеттік қызметке түсудің қолданыстағы тәртібін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізді.
Сондай-ақ, студенттерге Мемлекеттік қызметтің артықшылықтары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтылды.
Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Марал Атамбаева өз сөзінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының жетекші және бас мамандары лауазымдарына конкурстық іріктеу жүргізу кезінде «Дипломмен ауылға» жобасына қатысу мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Осы жоба шеңберінде қызметшілерге тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК-ке дейін қаржылай көмек, сондай-ақ 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы бөлу көзделеді.
Сонымен қатар, талантты жастардың назарын ауылдық жерлерді дамытуға аудару мақсатында ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың бос мемлекеттік лауазымдарына шолу жүргізілді.
Мұндай Бос орындар жәрмеңкелері тұрақты негізде өткізіледі және түлектердің жұмыс берушілермен кездесуіне қолайлы жағдай жасайды, бос жұмыс орындарымен танысуға, туындаған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді және жастардың жұмысқа орналасуына ықпал етеді.
[xfvalue_img]
15 пікір