СҚО полицейлері әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде балалардың терезеден құлап кету қаупі туралы ескертті

СҚО полицейлері әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде балалардың терезеден құлап кету қаупі туралы ескертті

СҚО Полиция департаментінің дәстүр бойынша өткізіліп келе жатқан 30 минуттық онлайн-брифингі балалардың терезеден құлап кету қаупі, сондай-ақ су тоғандарындағы оқыс жағдайлар тақырыбына арналды. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінің тікелей эфиріндегі қолданушылармен өткен диалогты ювеналдық полиция қызметкерлері жүргізді.

2021 жылдың басынан СҚО-да балалардың терезеден құлап кету фактілері тіркелмеді. Бұл туралы СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Сайран Саркенов пен қалалық полиция басқармасы құрамындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Айгүл Кәрімова хабарлады. Дегенмен де, ата-аналар, полицейлер, құтқарушылар әр уақытта бұған дайын болуы тиіс. Жылы күндер келісімен көпқабатты үйлердің тұрғындары терезелерін айқара ашып қояды. Көпшілігі балалардың қауіпсіздігін ұмытып, терезелерге қосымша құлыптар орнатуға асықпайды. Сақшылар ескерткендей, арнайы құлыпқа сенсеңіз де балалардың амандығы үшін оларды ешқашан көзден таса қылмау қажет.

Профилактикалық сипаттағы кеңестер су тоғандарында шомылуға да қатысты айтылды. Ыстық күндері жасөспірімдер мен балалардың кейбірі ата-аналарының рұқсатынсыз белгіленбеген орындарға барып, суға шомылады. Суда жүзуде тәжірибелі болған күннің өзінде оқыс оқиғаның болу қаупі зор. Тәртіп сақшылары табиғат аясында тек ересектермен бірге демалуға кеңес береді.

Ювеналдық полицейлер кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына да тоқталды. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпаратынша, төрт айдың қорытындысы бойынша облыс аумағында жасөспірімдер қылмысының 9 фактісі тіркелген. Түнгі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған балаларының үй-жайдан тыс және көңіл көтеру орындарында болғаны үшін 780 заңды өкіл мен көңіл көтеру орындарының 7 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 325 заңды өкіл өз балаларына тиісті түрде тәрбие бермегені жаза тартты. Тәртіптері ерекше бақылауды қажет ететін 160 отбасы есепке қойылды. 15 заңды өкіл ата-ана құқықтарынан айырылды. Жалпы, жыл басынан СҚО-ның ювеналдық полицейлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 280-нен астам рейдтік іс-шара өткізді. Жазғы мектеп демалысы басталысымен ювеналдық полицейлердің жұмысы барлық бағытта күшейтіледі.

Сондай-ақ, онлайн-брифинг барысында облыстағы өткен аптадағы криминогендік ахуал жайлы СҚО ПД Штаб бастығының орынбасары полиция подполковнигі Сергей Погосский баяндады. Жедел жағдай – тұрақты, соңғы жеті күнде 211 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, 189-ы «ізі суымай» ашылды. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.