ШҚО-да ақпараттық-ағартушылық штабтың ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы жұмысының қорытындысы талқыланды
Бүгін «Antikor Ortalygy» алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабтың 2021 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы онлайн-кеңесі өтті.
Іс-шараға ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы, өңірлік ақпараттық-ағарту штабының басшысы, Штабтар бастықтары, сондай-ақ облыс қалалары мен аудандарының әкімдері аппараттары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, ақпараттық-ағартушылық штаб жұмысының мақсаты - халықпен сындарлы диалог құру, қоғамда парасаттылық қағидаттарын насихаттау және ілгерілету болып табылады.
2019 жылдан бастап штаб құрамына ақсақалдар, қоғамдық белсенділер, блогерлер, журналистер, имамдар мен шіркеу қызметшілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, депутаттар мен жастар белсенділері кіреді.
Кеңес барысында ағымдағы жылдың 1 тоқсанында облыстың жекелеген аудандарында атқарылған жұмыстар туралы есептер тыңдалды.
Жалпы, штаб жұмысы аясында 2021 жылдың 1 тоқсанында құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, медицина қызметкерлері үшін 27 көшпелі түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Дөңгелек үстелдер, акциялар, әлеуметтік және бейнероликтер, ақпараттық кездесулер, жедел кеңестер, сұхбаттар, тікелей эфирлер ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, штабтың жұмысы әлеуметтік желілер арқылы да белсенді жүзеге асырылуда. Осылайша, Instagram желісінде antikor_shtab_vko парақшасы ашылды, онда бүгінгі күні 11 мыңнан астам жазылушы бар.
Кеңес соңында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің басшылығы және штабтың басшысы аймақтың қалалары мен аудандарындағы жауапты қызметкерлерге бірқатар ескертулер, ұсыныстар мен нұсқаулар берді, сондай-ақ ақпараттық-ағартушылық штабтың жұмысын іске асыру бойынша алдағы жоспарлар талқыланды.
[xfvalue_img]