ШҚО ЖАРМА АУДАНЫНДА ӘКІМШІЛІК НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ
8 сәуір күні ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин жұмыс сапарымен Жарма ауданына барды.
Сапардың негізгі мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өз иелігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті құралдардың барлық спектрін алуға мүмкіндік беретін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне енгізілген жаңалықтарды түсіндіру.
Іс – шараға Жарма ауданының әкімі А.Нұрғожин, «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М.Бақыт, ақпараттық-ағартушылық штабтың жетекшісі А.Есімбекова, сондай–ақ Аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімдігінің басшылық құрамы, құқық қорғау органдарының, дербес ведомстволардың басшылары және ауылдық округтердің әкімдері (ZOOM арқылы) қатысты.
«Бұдан былай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15 бап бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау құқығы берілді. Олардың ішінде Кодекстің барлық 6 Сыбайлас жемқорлық баптары (ӘҚБтК-нің 676-681 - баптары), кәсіпкерлік қызмет саласындағы 2 құрам (ӘҚБтК-нің 154, 173-баптары), мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын және әкімшілік не қылмыстық іс жүргізу кезіндегі бұзушылықтарға байланысты 7 құқық бұзушылық (ӘҚБтК-нің 658-662, 665, 667-баптары) бар», - деп жиналғандардың назарына Ж.Байділдин жеткізді.
Сондай-ақ, сапар барысында аудан әкімдігінің ғимаратында орналасқан «Сервистік әкімдіктің» жұмысымен танысты. Бұл қызмет «Open space» форматында жұмыс істейді. «Сервистік әкімдік» - азаматтарға мемлекеттік қызметтерді жедел және кедергісіз алуға мүмкіндік береді, ақпараттық ашықтықты, азаматтар үшін мемлекеттік органның есептілігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Оң тәжірибені ескере отырып, «Ашық әкімдік» моделін Жарма ауданының ірі әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бірі ретінде Шар қаласына тарату жоспарланып отыр.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларды адалдыққа, парасаттылыққа, сатылмаушылыққа, азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға шақырды.
[xfvalue_img]