Жоғарғы буын басқарушысы бол
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік саясаттың Ұлттық мектебіне түсушілер үшін мемлекеттік басқару магистрінің жаңартылған бағдарламасы басталды.
Бұл бағдарлама бірінші кезекте мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілерге арналған.
Мұндай жаңашылдықты енгізу заман талабына сәйкес және мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.
Айта кетейік, Мемлекеттік саясаттың Ұлттық мектебі-мемлекеттік қызмет үшін кәсіби кадрларды даярлауды жүзеге асыратын мектеп.
Жұмыскерді оқыту кезінде жұмыс орны сақталады, сол арқылы еңбек өтілі есептеледі, сондай-ақ стипендия төленеді.
Магистратураға түскеннен кейін студент әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында (Әкімшіліктің ұлттық мектебі (ENA, Франция) және Сиракьюз университетінің Максвелл мектебінде (Syracuse University, АҚШ), орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда тағылымдамадан өту мүмкіндігіне, мемлекеттік басқару саласындағы заманауи әдебиеттермен кітапхана қорына қолжетімділікке ие болады, сондай-ақ оқу процесінде басқа мемлекеттік органдардағы әріптестерінің жұмыс тәжірибесімен танысу және т.б. ұсынылады.
Мектепке түсу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 5 маусымына дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметкерлерді мектепке түсу шарттары туралы ақпараттандыру мақсатында Департамент ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен онлайн кездесу өткізді, онда қатысушылар оқыту мерзімі мен форматы, іріктеу критерийлері, емтихан кезеңдері туралы мәселелерді қозғады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]