Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы ерекше назарда

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы ерекше назарда

Елімізде болып жатқан пандемиялық жағдай мемлекет тарапынан реттелетін көптеген салаға өз  әсерін тигізгені анық. Осы орайда, мемлекеттік органдар тарапынан  мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қызмет алушыға бағдарлану бойынша жұмыстың бәсеңдеуіне жол берілмегендігін атап өткен жөн.

Мысалы, 2020 жылдың қорытындысы бойынша  Ақмола облысының мемлекеттік органдарымен 6 342918 қызмет ұсынылған (2019 жылы – 6 320 828), олардың 5 938 296 немесе 94,8% - электрондық нысанда . Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9,3% - ға көп. Бұл, күрделі кезеңге қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өз қызмет нысандарын ауыстыра отырып, халыққа қызмет көрсетуді электрондық тәсілге көшіру бойынша тиісті шаралар қолданғанының нәтижесі.

Атап айтсақ, осыған дейін қызметіндегі шектеулерге байланысты Мемлекеттік корпорацияның мамандары тұрғындарға қызмет алу мәселелері бойынша бейнебайланыс арқылы кеңес беру тәжірибесін енгізген болатын. Сондай-ақ, қағаз жүзінде қызмет алу қажет болған жағдайда, азаматтар  үшін  алдын ала кезекке тұру мүмкіндігі жасалды. Осындай жұмыс тәсілі мемлекеттік кірістер органдарында да  орын алды.

Осы іспеттес шаралар мемлекеттік аппараттың жұмысын реттеп, оның тұтынушыға бағдарлану деңгейін арттырып, тұрғындарға барынша оңтайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.

Аталған шаралар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы айтарлықтай жетістіктер болғанымен, онымен шектеліп қоймаймыз деген ойдамыз.

Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру, олардың азаматтарға қол жетімділігін қамтамасыз ету аса маңызды стартегиялық бағдар болып қала бермек, сол себепті, бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады.

Біз тек мемлекеттік қызметтер және оларды алу тәсілдері санының артуына ғана емес, сондай-ақ қызметтер сапасына ерекше назар аударамыз. Бұл бағытта  тұрғындар арасында қоғамдық мониторинг жүргізу арқылы жұмыс жасаймыз. Мониторинг өзекті мәселелерді айқындау, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша азаматтардың ұсыным енгізуін көздейді.

Әлеуметтік тұрғыдан маңызды 65 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге талдау жүргізілген болатын. Облысымыз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының көрсеткіші бойынша үшінші жыл қатарынан алдыңғы орындарды иемденіп келе жатқанын атап өткен абзал.

Сонымен қатар, азаматтар қызметтер сапасы туралы «Цифрлық агент» мобильді қосымшасы пікірін қалдыра алады.

Биылғы жылы тұрғындар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына берген бағалардың  97% оң пікірді құрайды.

Осымен бірге, мемлекеттік тапсырыс аясында Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарымен аумақтық деңгейде мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тұрғындардың қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеулер өткізіледі.

Тәжірибе көрсеткендей әлеуметтік зерттеулерге қатысушылардың пікірлері барынша бейтарап болуына байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты ең өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл мәселе халыққа қызмет көрсету  үшін қолайлы жағдайлар жасауға байланысты болғандықтан барлық мүдделі мемлекеттік органдардың назарында.

Одан басқа бүгін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруға қоғам өкілдері де белсенді қатысуда. Департамент жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына 3 қоғам өкілдері енгізілген. Олармен мемлекеттік органдар мен мекемелерге апта сайын қоғамдық бақылау іс-шаралары өткізілуде. Мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға сонымен қатар қоғамдық бақылау іс-шараларына қатысуға ниет білдірген қоғам өкілдері Департаментке 8-716-2-51-81-33 телефон байланысы арқылы хабарласа алады. 

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы

Ә. Мұхамеджанов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.