Мемлекеттік қызметшілерді жалпыға бірдей декларациялау туралы

Мемлекеттік қызметшілерді жалпыға бірдей декларациялау туралы

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин брифинг өткізді.

Брифинг барысында спикер қарамағындағы қызметкерлердің жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша өз өкілеттіктерін тиісінше орындамағаны үшін басшылардың жауапкершілігін күшейту бөлігінде қолданыстағы заңнамаға енгізілген түзетулер туралы хабардар етті. Сондай-ақ, Департамент азаматтардың өтініштерін сапалы қарауға ерекше көңіл бөлетінін айтып өтті.  Өткен жылы және ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 185 өтініш түсті.

«Көп жағдайда шағымдар Әдеп кодексін бұзу, конкурстардың нәтижелерімен және қолданылған тәртіптік жазалармен келіспеу, заңнаманың өзге де талаптары бойынша түсіп жатады. Өтініш берушілердің дәлелдері 64% жағдайда расталды» - дейді Д.Хайруллин.

Азаматтардың өтініштерін қарау бойынша маңызды жаңалық Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қабылдау болып табылады, оған сәйкес «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске асырылатын болады. Бұл жүйе азаматтардың өтініштерін қарау барысын қадағалауға және бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өтініш беруші мемлекеттік органдардың қабылданған шешімдер бойынша жауапкершілігін және халықтың қанағаттануын арттыра отырып, атқарылған жұмысты бағалай алады.

Мемлекеттік қызметшілерді жалпыға бірдей декларациялау туралы брифинг барысында Ақмола облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Назгүл Аюпова айтып берді. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларация жасайды.

Декларация тұрғылықты жері бойынша қағаз форматында 15 шілдеден кешіктірмей және электрондық түрде 15 қыркүйектен кешіктірмей ұсынылады. Бұл құжат жеке тұлғалардың мүлік, жер учаскелері, көлік құралдары, ақша қаражаттары, бағалы қағаздар, қарыздар туралы ақпаратты және т. б. көрсетуге арналған.

Жалпыға бірдей декларациялаудың ережелеріне қатысты толық түсініктемені 72-34-82 байланыс орталығы арқылы, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан (kgd.gov.kz) алуға болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.