Ер есімі – ел есінде!

Ер есімі – ел есінде!

3 сәуір – Халық қаһарманы Ғ.Байтасовтың туған күні

Отанға деген сүйіспеншілік – еліміздің келешегіне, оның кемел ұрпағына аманат етер ең қасиетті өсиетіміз дегенді жиі естиміз. Халқына төнген қауіптің көзін жойғанша тыным таппай, ақтық демі қалғанша адалдық пен жауапкершілік танытып, бейбітшілік пен елдегі тыныштық  үшін өз өмірлерін құрбан етіп, осы жолда бүкіл ғұмырын ат үстінде өткізіп, тақымындағы тер кеппеген, талай найза мен қылыш сындырған аталарымызды әр уақытта келер ұрпақтың келбеті толғандырған. Сондықтан халқымыз қашанда елін сүйген бiртуар  батыр перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағынан талап еткен. Халық ата жұрты үшін жан беріп, жан алысып, талай боздағынан айырылды, талай тозақты көрді.

Ерлік пен өрліктің хас үлгісін көрсеткен батырларды мадақтау, олардың алдында бас иіп, құрмет көрсету - бүгінгі ұрпақтың да бұлжымас парызы. Бүгінгі тыныш өміріміз, тәуелсіздігіміз осындай батырлық пен өрліктің белгісіндей болған батырлардың ерен еңбегі деп білеміз, бейбіт күннің әр сәтін бағалау қажеттілігін бәріміз сезінуіміз керек. «Ешкім батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады»,- деген еді кезінде батыр қазақ Бауыржан Момышұлы.

Бұл күндері қазақстандық полиция қызметтік міндеттерін атқару барысында 700-дей қызметкерінен айырылды. Қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жан тәсілім еткен полиция қызметкерлерінің есімдері мәңгілік жадымызда сақталады.

Соның ішінде, 2011 жылдың қарашасында қандықол лаңкесті тоқтату барысында қаза болған, халқының тыныштығы үшін басын бәйгеге тіккен жерлесіміз, Қазақстан Республикасында Халық Қаһарманы атағына ие болған жалғыз полицей Ғазиз Байтасовтың да ерлігі тарихқа алтын әріппен жазылды. Арада бірнеше жыл өтсе де ғазиз жанын құрбан еткен капитан Ғазиз Байтасовтың, қарулы қылмыскерге қарсы тұрамын деп шейіт болған полиция сержанттары – Полат Аянқұлов пен Жақсыбек Байсейітовтің де есімдері ел есінде, ерліктері ертеңгі ұрпаққа өнеге. Бүгінгі тыныш өміріміз, тәуелсіздігіміз осындай батырлық пен өрліктің белгісіндей болған батырлардың ерен ерлігі деп білеміз.

3 сәуір - саналы ғұмырының 20 жылын жол айрығында көше тәртібіне арнаған, қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза болған ішкі істер органдарының ең үздік қызметкерлерінің бірі  - ПД Жол полициясы жеке батальоны 1-ші взводының командирі болған, полиция капитаны «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың  туған күні. Бүгінде Ғазиз тірі болғанда  48 жасқа толар еді. Батыр жерлесіміз тәуелсіз еліміздің тыныштығын күзетіп, төтеннен төнген қауіпке кеудесін тосып, оқыс жағдайда жанын пида етті. Көзі тірісінде өз ісіне деген адалдық, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан, құзырлы орган саласында еңбек ете жүріп, күні-түні таңдаған кәсібінің ауыртпалығын аса ұқыптылықпен сезініп, отбасы мен бауырларына деген қамқорлығын әсте еш төмендетпеген Ғазиздің азаматтық тұлғасы бүгінгі ұрпаққа ұлағат. Батырлық, ерлiк көрсету – адам бойындағы ерекше қасиет. Ержүрек адамды елі мақтаныш етедi.

Шын батыр сын үстінде танылады. Батылдық, отансүйгіштік, ұстамдылық, табандылық, қайсарлық - нағыз батырлардың қасиеті. Өлім қаупі төнсе де, рухын жоғары ұстап,басына төнген қауіптен жалтармай, қоғамдық мәнді мақсаттарды негізгі борышым деп есептеген Ғазиз Байтасов көзі тірісінде  басшылық тарапынан 28 рет марапатқа ие болып, қалтқысыз қызметі үшін медальдермен марапатталды. Елін сүйген ер есімі - мәңгілік ел есінде. «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» екендігін тағы да дәлелдеген батыр әріптесіміздің жанқиярлығы талай жүректерге от тастап, намыс найзағайын ойнататыны шындық.

Аз ғана ғұмырында асқан ерлігімен отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің биік өлшемін көрсеткен қаһарман жерлесіміздің ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі екені даусыз.  «Таулар алыстаған сайын биіктей  түседі» дегендей жылдар өткен сайын батырдың бейнесі ұлғая түсуде. Қаза болған  уақыттан бері Ғазиз Байтасовтың есімі кеңбайтақ елімізге аңыз болды,  ерліктің, өрліктің белгісі болып тарихқа енді. Ерлігімен қазақстандық полицейлердің абыройын асқақтатып, тыныштық сақшыларына халық сенімін ұялатты.

«Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады» демекші, ел абыройын бұлқынған намыс пен жұлқынған жігермен ақтық  демі қалғанша қорғаған  Ғазиз Байтасовтай қаһарманның  бейнесі жадымызда жаңғырып, оның бойындағы отаншылдық сезім қазіргі сапта тұрған жамбылдық полицейлерге қолдау көрсетіп тұрғандай.

Бұл күндері жалпы тәртіпті, әділдікті қолдап, қоғамның тыныштық күзетінде қызмет етіп, жабырқаған жандарға медет болған, қиналғандарға қорған болған сақшылардың еңбегі зор.

Заңның жүзеге асуын, қылмыстының құрықталып, жазаға тартылуын қамтамасыз ететін полиция қызметкерлеріне артылатын жауапкершілік жүгі ауыр. Бейбіт өмірдің тыныштығын бұзған лаңкестерді құрықтау барысында арыстай азаматтарымыз көз жұмды. Олар бұл қызметке арыстандай айбатты азаматтар ғана келетінін дәлелдеп кетті. Нәтижесінде сап түзеген полицейлерге деген сенім арта түсті.

Елімізде енді тек бейбітшілік болсын, ел ішіндегі бірлік пен ұйыған татулықтың баяндылығын мақсат тұтқан айбынды азаматтарымыз аман болсын. Еліміздің бейбітшілігі – бұл біздің басты құндылығымыз, ал әрбір отбасының қауіпсіздігі – олардың тыныштығын сақтау жолында білімі мен білігін, қайраты мен қабілетін көрсетіп, тәулік бойы аянбай қызмет атқарып жүрген полицейлердің қорғауында.                                                                        

Гүлвира Сатыбалдиева,

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 4

73 пікір

  1. аватар
    Christoper 3 ноября 2026 01:13

    ???? Diverse ZahlungsanbieterEine Auswahl an seriösen Zahlungsdienstleistern sollte vorhanden sein,
    sodass du selbst wählen kannst. Bekannte Spiele, die besonders beliebt sind, werden ebenfalls in der
    Lobby aufgeführt, sodass für jeden etwas dabei sein sollte.
    Sofern du im Online Casino
    Klarna
    nutzt, entscheidest du dich für eine sichere Methode.

  2. аватар
    Rodolfo 4 ноября 2026 00:11

    However, receiving payouts requires an active PayID linked to your bank account.
    While the PayID network process takes seconds, the casino
    must manually review and approve the withdrawal request first.
    Establish a clear budget beforehand to keep quick deposits under control.
    top 10 payid casinos
    australia
    offers a convenient way to deposit funds at online casinos directly from an Australian bank account.
    Our responsible gambling guide explains these controls in detail, while our self-exclusion resource outlines options for longer breaks.

    Take advantage of safe play tools offered by operators, such as deposit limits, session timers, and account self-exclusion options.

  3. аватар
    Barbara 4 ноября 2026 08:07

    Falls Verifizierung verlangt wird, müssen Sie entscheiden, ob Sie Dokumente einreichen möchten. Casinos ohne deutsche Lizenz fallen nicht unter diese Regeln.
    Trustly Casinos bieten so ziemlich alle Vorteile, die auch reguläre Glücksspielseiten bieten, plus die,
    die wir gerade erwähnt haben. In einem reinen Trustly Pay and Play-Casino
    werden Auszahlungen sofort auf Ihr Bankkonto zurücküberwiesen, ohne
    dass zusätzliche Informationen erforderlich sind.
    Der Begriff Pay N Play-Casino bezieht sich jedoch hauptsächlich auf solche,
    die das reine Modell umsetzen, da Sie nur auf diesen Seiten die vollen Vorteile
    des Pay N Play-Systems genießen können. Trustly Casinos sind ihre
    neuesten Kreationen, die darauf abzielen, genau das zu tun.

  4. аватар
    Sheri 4 ноября 2026 13:04

    Die deutschen Kunden können neben den drei genannten Marktführern in den Online Casinos teilweise
    noch Rapid, Zimpler oder die Onlineüberweisung.de nutzen. Die
    besten Sofortüberweisung Casinos passen die Akzeptanz der Direktbuchungssysteme länderspezifisch an. Trotzdem
    ist GiroPay in den Online Casinos zweifelsfrei eine sehr wichtige, schnelle Einzahlungsmethode.
    Eine Komplettabdeckung a la der Sofort GmbH gibt’s nach unseren Erfahrungen aber noch nicht.
    Ende 2019 hat GiroPay offiziell bekannt gegeben, dass das Direktbuchungssystem
    mit allen deutschen Banken zusammenarbeiten will.

    References: tokenandtonic.com

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.