Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Заң елдегі цифрландырудың одан әрі дамуына серпін береді

Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Заң елдегі цифрландырудың одан әрі дамуына серпін береді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңда цифрландыруды, инновацияларды дамытуды ынталандыратын жаңа нормалар қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту бойынша іс-шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру үшін Заңға цифрлық трансформация енгізілді. Онда неғұрлым тиімді үдерістерді артық шығынсыз енгізу, ауыр және бюрократияға толы бизнес-процестерді жай ғана автоматтандырмай, оларды қайта жобалап, барынша сапалы ету қарастырылған.

Цифрлық трансформация азаматтар мен бизнестің, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі шығындарды және  мемлекеттік аппарат жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Жаһандық цифрландыру дәуірінде деректерді пайдалану ақпарат сапасын, болжамды аналитиканың тиімділігін арттырудың, бизнес-процестерді трансформациялау мен цифрландырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Заң аясында мемлекеттік басқаруды цифрландыру кезінде бірыңғай платформалық тәсілді қамтамасыз ететін «электрондық үкіметтің» бірыңғай архитектурасын (мемлекеттік органдар мен әкімдіктер архитектураларының орнына) енгізу ұсынылды.

Ел азаматтарының басым бөлігі мемлекеттік қызметтерді алуды немесе басқа міндеттерді мобильді сервистер арқылы шешуді қалайды. Ол үшін Заңда  қағаз құжаттардың түп-нұсқасының электрондық түрдегі нұсқасымен бірдей қабылдануы бекітілді. EGov mobile цифрлық құжаттар сервисінің қолданылу аясы кеңейтілді. Әрбір азамат eGov mobile бағдарламасын өз смартфондарына жүктей алады, бұл қағаз құжаттарды алып жүрмеуге мүмкіндік береді.

Бүгінде елімізде көрсетілетін электрондық қызметтердің саны артып, жалпы алғанда, оң өзгерістер байқалуда. Бұған дейін министр Бағдат Мусин  eGov Mobile мобильдік қосымшасындағы цифрлық қызметтерге сұраныс екі есеге өскенін атап өткен болатын.

Egov mobile-да қазіргі күні жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, техникалық паспорт, COVID-19 үшін ПТР тестілеу нәтижесі, студенттік билет, диплом, зейнеткер куәлігі, Қандас куәлігі, көлік құралын тіркеу туралы куәлік,  әлеуметтік ID, вакцинация паспорты, көп балалы отбасының жәрдемақысын алу, мүгедектік куәлігі, атаулы әлеуметтік көмек алушының куәлігі сияқты құжаттар бар.

Заң аясында азаматтар және бизнес үшін  ақпараттық жүйелерде бар деректерді талап етуге тыйым салынды. Бұл өзгерістер мекемелерге құжаттардың қағаз баламаларын, көшірме жасауға  кететін уақыт пен ақша шығындарын және т. б. ұсыну қажеттілігін болдырмайды.

Ауылдық елді мекендерде тұратын қазақстандықтар үшін "Қазпошта"АҚ инфрақұрылымы базасында халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігінің цифрлық нүктелері ашылады. Енді компьютері немесе интернетке қол жетімділігі жоқ ауыл тұрғындары цифрлық нүктелердің көмегімен өздері қалаған мемлекеттік қызметтерді ала алады, сонжай-ақ аудан орталықтарына немесе қалаларға бармай-ақ, мемлекеттік органдарға электрондық өтініштер жібере алады.

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлау міндетін қойған болатын. Бүгінгі таңда Қазақстанда еңбек нарығында білікті IT-кадрлардың тапшылығы байқалуда. Бұл жалпы әлемдік үрдіс. Осыған байланысты, білікті IT-мамандарды дайындау үшін жас және талантты студенттердің IT-мектептерде оқуын субсидиялау үшін гранттар (ваучерлер) беру жобасы іске қосылады.

Осы жоба шеңберінде 2025 жылдың соңына дейін кемінде 20 мың білікті IT-маман дайындау жоспарлануда.

Заңмен Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу куәліктерін беру тәртібі өзгертілді. Енді туу, неке, ажырасу, қайтыс болу туралы  куәліктер мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін азаматтың «egov»-тағы жеке кабинетіне түсетін болады. Бұл ретте куәліктердің қағаз нұсқасын алу құқығы өтінішхат берілген жағдайда сақталады.

Жалпы, Заң мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар мен бизнес үшін әртүрлі шығындарды азайтуға, ауылдар мен қалалар тұрғындарының цифрлық теңсіздігін төмендетуге, мемлекеттік аппаратты ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқартуға, қабылданатын басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыруға, ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге, мемлекеттік органдардың қайталанатын функцияларын қысқартуға мүмкіндік береді. 

https://ortcom.kz/kk/novosti/1657880582 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

143 пікір

  1. аватар
    Julissa 8 ноября 2026 02:34

    You’ll find that the "best bpay casino australia"
    listings are littered with marketing fluff promising "instant funding" while the actual transaction drags its feet for hours, sometimes days.

    Our team creates standard accounts, deposits real
    funds (AU$50–AU$200) via local methods like PayID or crypto,
    tests game volatility across 100+ pokie spins and table hands, and initiates withdrawals.
    It lets you self-exclude from all licensed
    Australian online and phone wagering providers in a single step,
    for periods from three months up to a lifetime. PWAs are common because many offshore casinos are
    not listed in Apple’s App Store or Google Play. Every casino on this list also runs on TLS/SSL
    encryption to protect your personal and payment
    data in transit, the same standard used by online banking.
    You’ll hardly see baccarat-specific bonuses in most casinos, but they’re usually included
    in live casino cashback offers which typically go as
    high as 25%.

  2. аватар
    Jerrod 8 ноября 2026 02:41

    Opening hours vary from venue to venue and will depend on the provisions of
    the liquor license. In Tasmania there are 3,680 machines locates in both
    hotels and clubs and at the two casinos (Wrest Point and Country Club) New South Wales leads the country with 100,500 gaming machines which
    are located in clubs, hotels and the Star Casino in Sydney.


    References: bpay mobile pokies australia

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.