ҚР-ғы Омбудсмен бастаған Қазақстанның делегаттары Италиядағы көшіп-қонушы балалардың құқықтарын қорғаудың негізгі аспектілерімен танысты

ҚР-ғы Омбудсмен бастаған Қазақстанның делегаттары Италиядағы көшіп-қонушы балалардың құқықтарын қорғаудың негізгі аспектілерімен танысты

 

Қазақстандағы көшіп-қонушы балалардың жағдайы мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдардың алаңдатушылығын тудырып отыр, себебі мұндай балалар өз құқықтарын іске асыру кезінде айтарлықтай осал болып келеді.

Бірқатар жағдайда мұндай баланың мәртебесі білім алуға, денсаулық сақтауға, әлеуметтенуге қол жетімділігін шектейді.

         Көшіп-қонушы балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру қажеттілігі тұрғысында Қазақстанның мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес сектор өкілдері Италияға ақпараттық іс-сапар барысында аталмыш жүйенің дамуы тәжірибесімен танысты.

Іс-сапар ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Өкілдігімен Қазақстанда 2017 жылдан бастап 2021 жылдар аралығында іске асырылып жатқан «Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік  және Орталық Азиядағы көші-қон үдерістерінде балаларды қорғау» Еуропалық Одақ пен ЮНИСЕФ-тің бірлескен бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған.

Қазақстандық делегация құрамына Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова бастаған Парламент депутаттары, ЮНИСЕФ, ҰҚК Шекаралық қызметі, Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ішкі істер министрілігі, Әділет министрлігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енді.

Іс-сапардың мақсаты көші-қон үдерісінде балаларды қорғаудағы озық еуропалық тәжірибені зерделеу және аталмыш бағытта ынтымақтастықты орнату болып табылады.

Іс-шараның ұйымдастырушылары делегаттар үшін бір қатар маңызды іс-шараларды қамтитын айтарлықтай мазмұнды жұмыс бағдарламасын әзірлеген еді. Іскерлік іс-сапар барысында кездесу қатысушылары ресми деңгейде балалықты қорғаудың итальяндық жүйесінің дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Іс-сапар кезінде делегаттар Италиядағы ЮНИСЕФ-тің кеңсесіне барды, сондай-ақ Бас бостандығынан айырылған тұлғалардың істері жөніндегі Омбудсмен Мауро Пальмамен, Италияның Еңбек және әлеуметтік саясат министрлігінің дипломатиялық кеңесшісі Кармело Барбарелломен, азаматтық бостандық пен иммиграция жөніндегі департаменттің басшысы, префект Микеле ди Бари және Префектінің орынбасары – Италияның Ішкі істер министрлігінің сүйемелдесіз кәмелетке толмағандарға арналған қабылдау құрылымының басшысы Мария Энца Леонемен, бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, ЕКПА (ПАСЕ)-дегі итальяндық делегацияның Президенті Алвизе Маньеромен, сондай-ақ Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйым мен Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының және Италияның Сыртық істер министрлігінің өкілдерімен кездесулер өтті.

Кездесу барысында делегация басшысы Эльвира Әзімова шетелдік әріптестерін Қазақстанның Омбудсмен кеңсесінің қызметі туралы, сондай-ақ елдегі көшіп-қонушы балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерінің қазіргі жағдайы туралы хабардар етті.

Егер баланың немесе отбасының ЖСН және тіркеуі болса, онда олар 11 әлеуметтік қызметке жүгіне алады. Сонымен қатар, егер Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған болса,  ол баланың сүйемелдеусіз екендігі анықталғанға дейін медициналық, әлеуметтік, білім беру қызметтеріне қол жеткізу күрделенеді, мемлекет құжаттамамен қамтамасыз етпейді, ата-аналарын іздемейді және оның құрылымын анықтамайды. Бұл жағдай, халықаралық сарапшылар атап өткендей, халықаралық заңнаманың бұзылуына әкеліп соғады.

Мәселелердің кең спектрі сүйемелдеусіз жүретін көшіп-қонушы балаларды тіркеумен байланысты - балалар көші-қонына мониторинг жүргізілмейді, балаға босқын мәртебесі берілмейді, шекарадан өткен кезде олар отбасының ересек мүшелеріне "+1" ретінде өтеді, яғни балаларға көші-қон карточкаларын беру көзделмеген және Қазақстан аумағына келген балалардың тағдыры бақыланбайды.

Осылайша, бүгінде Қазақстанда көшіп-қонушы балалардың құқықтарын қорғауды реттеу қажеттілігі туралы мәселе талқылануда.

Италияның мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездесулер барысында, жекелеген өңірлерде балалар мен жасөспірімдерді сүймелдеусіз көші-қонға итермелейтін негізгі себептері, Италиядағы сүймелдеусіз көшіп-қонушы балалардың жағдайы, олардың құқықтарының негізгі бұзылуы, гендерлік факторлар, мемлекеттік үйлестіру және осы процестердегі азаматтық қоғамның рөлі талқыланды.

Тараптар балалардың көші-қоны үшін көптеген себептері болуын, бірақ олардың барлығы ортақ бір белгісі бар екенін атап өтті. Балалардың көшіп-қонуының басты себебі шыққан елдерінде олардың адам құқықтарының сан алуан бұзылуы: зорлық-зомбылықтың, кедейшіліктің әртүрлі көріністерінен қорғалмауы, мүмкіндіктердің болмауы, білім беру мен денсаулық сақтау қызметтеріне қол жетімділіктің шектеулігі, отбасында қатыгездік жасау, түрлі қатерлер, қорқыту және қауіпсіздіктің жоқтығы болып табылады.

Өз отбасыларынан ажыратылған, сүйемелдеусіз жүретін көшіп-қонушы балалар барлық көшіп-қонушылардың арасында неғұрлым осал топ болып табылады, олардың жағдайы туралы ақпараттың болмауы мекемелер мен мемлекеттерге олардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік бермейтін айтарлықтай елеулі кедергілердің бірі болып табылады.

Кездесу барысында Көші-қон үдерістеріндегі балалар мәселелері бойынша Италия саясатының мақсаттары мен әдіснамасы, сондай-ақ көші-қон мәселелерін құқықтық реттеу ұсынылды.

Италия - ел билігі ұсынатын әлеуметтік қорғаудың тартымдылығына байланысты қаптап келетін көшіп-қонушыларға арналған басты еуропалық қақпа болып табылады.

Италиядағы ЮНИСЕФ кеңсесінің өкілдері хабарлағандай, ағымдағы жылы 6700 сүйемелдеусіз көшіп-қонушы бала тіркелген, олардың 93,6%-ы - ер балалар, 6,2%-ы - қыз балалар.

Алайда, соңғы жылдары Италия билігі сүйемелдеусіз көшіп-қонушылар санының азаю үрдісін атап өтуде. Мысалы, 2014 жылы Италияда 14 243 сүйемелдеусіз бала түсірілген.

2017 жылы Италияда қабылданған сүйемелдеусіз кәмелетке толмаған шетелдіктер үшін қорғаныс шаралары туралы № 47 Заң қазақстандық тараптың қызығушылығын тудырды.

Екі елдің ең салмақты заңнамалық ерекшеліктерінің бірі - Италияда сүйемелдеусіз кәмелетке толмаған шетелдікке қатысты нақты ұстаным қабылданған. Мәртебесіне қарамастан, Италиядағы балалардың құқықтары іс жүзінде тең жағдайда қамтамасыз етілген.

Заңда кәмелетке толмаған шетелдіктер сүйемелдеусіз барлық жағдайларда шекара арқылы өтуі тиіс екендігі көзделген.

Анықталғаннан кейін, құжаттардың бар-жоғына қарамастан, балаларды кәмелетке толмағандарға арналған арнайы қабылдау орталықтарына орналастырады, онда оларға қажетті көмек, оның ішінде психологиялық көмек, сондай-ақ итальян тілін үйрену мүмкіндігі беріледі.

Италиядағы сүйемелдеусіз көшіп-қонушыларға күтім жасауды ұйымдастыру көшіп-қонушылардың жеке куәліктері болмаған жағдайда, жеке басын сәйкестендіруден және олардың жасын анықтаудан басталады. Мұндай жағдайларда сәйкестендіру олардың жасын растайтын әңгімелесу және медициналық зерттеулер жолымен жүргізіледі.

Кәмелетке толмағанның мәртебесі бойынша тұрақты шешімге қол жеткізгенге дейін сүйемелдеусіз балаға қамқоршыны тағайындау көзделген, оның рөлінде тьютор – волонтер, баланы үйлестіруге, оны сүйемелдеуге және барлық рәсімдерде көрсетуге жауапты.

Осылайша, Италия Заңы көздеген басты мақсат – сүйемелдеусіз шетелдік кәмелетке толмағанды оның басым мүдделеріне қатысты қорғау болып табылады.

Шетелдік әріптестерінің тәжірибесімен көрнекі танысу үшін делегаттар ANCI муниципалитеттерінің Ұлттық қауымдастығына барды.

SIPROIMI Орталығының босқындар мен сүйемелдеусіз және ажыратылған балаларды қорғау жөніндегі жұмысымен танысу мазмұнды болды.

Ақпараттық сапардың қорытындысы бойынша тараптар сапар бағдарламасының өзектілігі мен мазмұндылығын атап өтіп, пікір алмасудың өзара пайдасын атап өтті.

Италиялық тарап Қазақстанның баланың ең жақсы қызығушылық принципін қамтамасыз ету аясында көші-қон процестеріне тартылған балаларды қорғау жүйесін жетілдіруге деген ұмтылысын қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

 

ҚР-ғы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл аппаратының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

43 пікір

  1. аватар
    Yukiko 3 октября 2024 21:02

    We are a group of volunteers and opening a brand
    new scheme in our community. Your website provided
    us with valuable information to work on. You've done a formidable process and our entire neighborhood
    shall be thankful to you.

    Have a look at my blog: Сондай-ақ сұрады

  2. аватар
    Marian 4 октября 2024 22:20

    можно ли принимать мелатонин ежедневно, можно ли пить мелатонин без назначения врача частная баня актобе жилгородок, частная баня актобе заречный ак барс - барыс смотреть онлайн бесплатно, ак барс игра сегодня смотреть онлайн атамекен актобе
    адрес, атамекен актобе управление образования алматинской области телефон

  3. аватар
    Ida 7 октября 2024 14:09

    айдар алу, айдар шаш алу шаш күтімі қайызғақты
    кетіру, қайызғақты кетіретін шампунь
    футбол португалия гана, португалия - гана кто забил магнитный винил купить,
    рулонный магнитный винил

    Feel free to visit my blog :: көзді
    тексеретін құрал

  4. аватар
    Tasha 24 октября 2024 02:07

    если снится умерший в тюрьме
    что означает 8 в записи числа 1780025 к чему снятся продажа своего
    дома
    что такое кладбищенская порча одиночества сонник давить глистов

    Look into my web page :: 9000 число значение

  5. аватар
    Bill 26 октября 2024 01:40

    правила субсидирования 2023 рк, субсидии животноводства казахстане
    2023 машина жасау кешенінің кәсіпорындары адамның ат үстінде өзін-өзі еркін,
    ат әбзелдері презентация жай бөлшектерге амалдар қолдану ашық сабақ, жай бөлшектерге амалдар қолдану презентация

    Also visit my blog post казтест онлайн пробный

  6. аватар
    Lamar 27 октября 2024 11:01

    сені сұраймын скачать, алишер алламбергенов достым контекстная реклама как запустить, настройка гугл рекламы
    алматы тірек деген не, тірек сөздер қандай сұрақтарға жауап береді эверест тауы, эверест тауы кай
    жерде орналаскан

    My site: темы для turbosite

  7. аватар
    Maurine 12 ноября 2024 04:35

    приснилось обниматься с бывшим светофор екатеринбург акции, магазины светофор
    екатеринбург туз мечей перевернутый работа, туз мечей чувства мужчины форум
    карты сения онлайн молитва на латыни освящение воды

    My web blog король кубков таро 78 дверей да нет

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.