Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының кәсіподақ мүшелерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының кәсіподақ мүшелерімен кездесті

27 мамырда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында су тасқынынан зардап шеккен өңірдегі кәсіподақ мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Ақтөбеде ҚРКФ төрағасы қаланың кәсіподақ қызметкерлерімен, сондай-ақ Ырғыз және Ойыл аудандарының тұрғындарымен кездесті.

Жиналғандар алдында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы табиғи апаттың ауқымы мен залалы зор екенін атап өтті.

«Биылғы көктемде қазақстандықтар соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат болған су тасқыны салдарынан күрделі сынақтарға тап болды. Елдің 10 облысында төтенше жағдай жарияланғанын білесіздер. Қарғын судың кесірінен қара халық жан сауғалап, көрші ауыл, аудан, тіпті облыстардан баспана іздеуге мәжбүр болды», - деді Сатыбалды Дәулеталин.

Бұл ретте ол су тасқыны аймағында тіршілік әрекетін қалпына келтіру үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралардың маңыздылығын атап өтті.

 «Осы қиын кезеңде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен бірде-бір адам қараусыз қалмайды, материалдық шығындар толығымен өтеледі деп сендірді. Бүгінгі таңда Үкімет тарапынан тасқынға тосқын болар шаралар жүзеге асты. Соңғы ақпаратқа сенсек, бүгінде 61 352 адам өз үйлеріне оралған. Эвакуациялық пункттердегі 5 452 адамға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. 26 мыңнан астам отбасыға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік төлем беру үшін Үкімет 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Өңірлерде 873 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде. 891 отбасыға үйлерін жөндеу және қалпына келтіру шығындарын өтеу үшін жалпы сомасы 1,9 млрд теңге көлемінде өтемақы берілді. Қазіргі кезде су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 11 137 тұрғын үй тексеріліп, 7 863 нысанды бағалау жұмыстары аяқталды. Тұрмысқа қажетті дүние-мүлік сатып алуға 553 800 теңгеге дейін қосымша өтемақы төленіп жатыр» , - деді ҚРКФ төрағасы.

Сонымен қатар, апатты жағдай туралы алғаш естіген сәттен бірлік қағидаттары негізінде Кәсіподақтар федерациясы мен оған қарасты ұйымдар ортақ бақытсыздықтың төңірегінде топтасып, жерлестеріне жан-жақты көмек көрсеткенін атап өтті.

Жалпы алғанда кәсіподақтар еліміздің зардап шеккен бес облысын қолдау мақсатында 225 миллион теңгеге жуық материалдық көмек, сондай-ақ 14 миллион теңгеге жуық гуманитарлық көмек аударды.

Ақтөбе облысының тұрғындарына Федерацияның мүшелік ұйымдары 108 млн. теңгеден астам сомаға материалдық көмек және 3 млн. теңгеге жуық сомаға гуманитарлық көмек көрсетті.

Қаржылай көмекпен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен панасыз қалғандар үшін еліміздегі шипажайлардан 269 орын бөлінді. Төтенше жағдай басталғалы 179 адам кәсіподақ шипажайларына орналастырылды.

Қосымша қолдау ретінде ҚРКФ басшысы салалық кәсіподақтардың мемлекеттік, банк мекемелерінің және "KYZMET" қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлеріне, Құрылыс кешені мен ТКШ қызметкерлері, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім беру қызметкерлері, "YNTYMAQ" кәсіпкерлік қызметкерлері, сондай-ақ мұнай-газ салалық кәсіподақ қызметкерлері, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлеріне 12 мүшесіне тұрмыстық техниканы сатып алуға сертификаттар табыс етті.

Сатыбалды Дәулеталин апаттан зардап шеккендерге қолдау білдіріп, су тасқынымен күресуге көмектескен, сондай-ақ халыққа гуманитарлық көмек көрсеткен құтқарушыларға, әскери қызметшілерге, еріктілер мен кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

Адамдарды құтқаруға және зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысқаны үшін «Еңбек озаты» Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медалімен "20982" әскери бөлімінің бөлімше командирі Нұрлан Кондыбаев, "20982" әскери бөлімінің сүңгуір бөлімшесінің командирі Еділхан Олжас, ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының "6655" әскери бөлімінің 1-атқыштар ротасының 3-взводының командирі Дияр Майлыбаев, ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының "6655" әскери бөлімінің 1-атқыштар ротасының командирі Заңғар Қыдыралы, аэродром техникалық взводының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшесінің командирі Руслан Үмбетбаев марпатталды.

Сондай-ақ ҚРКФ-ның «Еңбек озаты» медальдарымен еріктілерді және зардап шеккен азаматтарды көмекке шақырып, азық-түлікпен қамтамасыз еткен жергілікті бизнес өкілдері: «Дулат» мейрамханасының директоры Әнуар Құсубаев, «Қазақ» кафесінің директоры Борис Байжарқынов, «Таксим Азия» мейрамханасының директоры Валентина Махмутова марапатталды.

Ең белсенді еріктілер арасында "Аңсар" ақпараттық-талдау орталығының маманы Еркебұлат Тағанов пен Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің 2 курс студенті Мұхамедиар Төреғалиевтің үлесі атап өтілді.

Мұхамедиар Төреғалиев - төтенше жағдай енгізілген күннен бастап эвакуациялық, бөгет салу жұмыстарына, гуманитарлық көмекті бөлуге қатысқан және зардап шеккендердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да міндеттерді орындаған еріктілердің ең кішісі.

«Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қабылдау пункттеріне республикамыздың облыстарынан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан азық-түлік пен киім-кешек жеткізілді. Барлығын сұрыптап, зардап шеккендерге жеткіздік. Бұл жұмысты әлі де жалғастырудамын. Еңбекке жоғары баға берген Кәсіподақтар федерациясының төрағасына алғысым шексіз», - деп алғысын білдірді.

Сатыбалды Дәулеталин марапаттарды табыстай отырып, қиын кезеңдер тағы да бірлік пен ынтымақтастықтың шынайы күшін көрсеткенін атап өтті.

«Бүгінде өз өмірін қатерге тігіп, батылдығымен ерекшеленіп, адамдардың өмірін сақтап қалған, зардап шеккендерді эвакуациялаған және қиыншылыққа тап болғандарға алғашқы көмек көрсеткен қазақстандықтардың үлесін атап өту маңызды. Құтқарушылар мен еріктілер көрсеткен ынтымақтастық пен өзара көмек бірлікте кез келген қиындықты қалай жеңуге болатынының жарқын мысалы болып табылады. Біз сіздердің жауапкершілік пен батылдық қасиеттерін терең бағалаймыз", - деді Сатыбалды Дәулеталин.

Жұмыс сапары Қобда ауылында зардап шеккендермен кездесулермен жалғасты.

"Қобда орман шаруашылығы" КММ-де өткен кездесуде ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жергілікті тұрғындарға қолдау білдіріп, Қобда және Ойыл аудандары кәсіподағының 10 мүшесіне тұрмыстық техника сатып алуға сертификаттар табыс етті.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Тұрақбай Сұлтанғалиев және орман шаруашылығы директоры Оразбай Омаров Кәсіподақтар федерациясының басшылығына қызметкерлердің мәселелеріне жеке көңіл бөлгені және гуманитарлық көмек жинау, уақытша баспана беру және материалдық қолдау бойынша тиімді жұмысы үшін алғыс білдірді.

"Су тасқыны кезіндегі жұмыста кәсіподақтың тұрақты қолдауы мен көмек көрсету әрекеттерін үйлестіру маңызды рөл атқарды. Кәсіподақтар ұйымшылдық пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетті, бұл қиын кезеңде баға жетпес дүние деп есептеймін", - деп атап өтті орман шаруашылығы кәсіпорнының директоры Оразбай Омаров.

Кездесуде орман шаруашылығы қызметкерлерінің өзекті мәселелері де қаралды. Кәсіподақ мүшелері ҚРКФ басшылығына сала қызметкерлеріне еңбекақы төлеу мәселесін шешуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді.

Атап айтқандай, өткен жылы сала қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 200 мың теңгеге дейін көтерілді, алайда инновациялар маусымдық қызметкерлер мен техникалық персоналға әсер еткен жоқ. Мысалы, өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері мен радио операторлары әлі де айына 80-100 мың теңге алады.

Еңбек ұжымының сұрағына жауап бере отырып, Сатыбалды Дәулеталин орман шаруашылығы қызметкерлерінің ондаған жылдар бойы жинақталған мәселелерін Кәсіподақтар федерациясы "Семей орманы" ірі өрті кезінде өткір талқыға түскенін еске салды. 

«Биылғы жыл Кәсіподақтар федерациясы Лайықты еңбек жылы деп жарияланды. Лайықты еңбектің негізі, ең алдымен, лайықты жалақы болып табылады.  Кәсіподақтар федерациясы ЕТЖ мөлшерін 42 500 теңгеден 85 000 теңгеге дейін арттыруға қол жеткізді. Ел Президенті ең төменгі еңбекақы мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу жөніндегі бұрыннан келе жатқан кәсіподақ бастамасын қолдады. Сонымен қатар, біз ең төменгі жалақының халықаралық стандарттарға сәйкес келуін және орташа жалақының 50 пайызынан төмен болмауын талап етеміз", – деп атап өтті ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

ҚРКФ басшысы Кәсіподақтар федерациясы сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешу бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

 Кәсіподақ мүшелерімен келесі кездесу Қобда көпсалалы колледжінде өтті. Кездесуде Кәсіподақтар федерациясы төрағасының қолынан Қобда және Ойыл аудандарының 23 тұрғыны - білім, медицина және мәдениет салаларының қызметкерлері сертификаттар алды. 

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов апаттан зардап шеккендердің қатарында Ақтөбе облысының білім беру саласының 500-ге жуық қызметкері бар екенін айтты. Оның айтуынша, салалық кәсіподақ әрбір қызметкерге 100 мың теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетті.

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов апаттан зардап шеккендердің қатарында Ақтөбе облысының білім беру саласының 500-ге жуық қызметкері бар екенін айтты. Оның айтуынша, салалық кәсіподақ әрбір қызметкерге 100 мың теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетті. 

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы оқу-ағарту, білім және жоғары ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының айрықша үлесін атап өтіп, су тасқынынан зардап шеккендерге елеулі көмек көрсеткені үшін мүшелік ұйымға алғысын білдірді. 

 Еңбек ұжымдарымен кездесулердің қорытындысы бойынша Сатыбалды Дәулеталин Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереевпен бірлесіп, қалпына келтіру жұмыстарының барысымен және табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындар үшін жаңа тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Қобда ауданының әкімі хабарлағандай, аудан орталығындағы су басқан үйлердің техникалық жағдайын тексеру жалғасуда. Бүгінде ауданда жоспарланған 150 үйдің 116-сы салынуда. Құрылыс жұмыстары белсенді қарқынмен жүргізілуде. 

Ақтөбе облысында болған кезде ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Талдысай ауылындағы Абат-Байтақ ортағасырлық кесенесіне және "Әлия" облыстық патриоттық тәрбие орталығына барып, қазақ халқының даңқты қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға құрмет көрсетті. ҚРКФ басшысы құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырып, орталыққа теледидар сыйлады.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

31 пікір

  1. аватар
    Ramona 16 ноября 2024 15:10

    педагогикадан курстық жұмыс, курстық жұмыс үлгісі мыс мырыш
    құймасы, мыс пен никель құймасы бір атадан тараған туыс адамдар,
    туыс адамдардың үйленуіне тыйым
    салу қалай аталады лампа sun 5
    plus, лампа сан 5 оригинал

    Take a look at my website евразийский банк телефон в кредит

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.