ҚР ИИДМ: Елорданың теміржол тұйықтарында көмір қоры жеткілікті, бағасы тұрақты

ҚР ИИДМ: Елорданың теміржол тұйықтарында көмір қоры жеткілікті, бағасы тұрақты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері астанадағы көмір сатылатын теміржол тұйықтарына аялдап, қатты отынның бар-жоғын бағамдап қайтты.

Қазір елімізде көмір сатылатын 300-ге жуық теміржол тұйығы бар. Оның ішінде қатты отын саудаланатын 14 нүктесі қарастырылған 11 қойма (теміржол тұйығы) бас шаһарда орналасқан.

Мәселен, кейінгі 7 айда, яғни осы жылдың 1 мамырынан бастап 15 қарашаға дейін Астанаға 259,2 мың тонна көмір жеткізілді. Қазір еліміздегі теміржол тұйықтарында қатты отынның көлемі – 317,8 мың тоннадан асады. Оның ішінде бас қаладағы теміржол тұйықтарында көмір қоры шамамен – 19,2 мың тонна. Ақмола облысында – 58 мың тонна. Бұл пункттер тиісті инфрақұрылыммен, оның ішінде тиеп-түсіру техникасымен толық жабдықталған.

Астанадағы теміржол тұйықтарынан көмір Ақмола облысының таяу маңдағы елді мекендеріне (Жібек Жолы, Талапкер, Қосшы және Аршалы және т.б.) сатылады.

Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жалмағамбетовтың айтуынша, халықты қатты отынмен қамтамасыз ету жұмыстары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тұрақты бақылауында. Биыл жылыту маусымына дайындық наурыз айында басталды. Осыған байланысты қазір күнделікті мониторинг жүргізіліп келеді.

«Министрлік тұрақты негізде жергіллікті атқарушы органдар, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы және көмір разрездерімен қатты отынмен қамтамасыз етуге байланысты, сондай-ақ өңірлерде дүрбелеңді болдырмау үшін күнделікті кеңестер өткізіп келеді. Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында тамызда барлық компания бағаны бекіту туралы меморандумдарға қол қойды. Көмірдің орташа бағасы былтырғы деңгейде сақталып отыр», деді Т.Жолмағамбетов.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, көмірді жеткізу және бөлу мәселелерін ерекше назарда ұстап отыр. Халықты қатты отынмен қамтамасыз ету үшін жауапты ведомство бірқатар шара қабылдады. Оның ішінде алдағы жылыту маусымында қатты отын тапшылығын болдырмау үшін құзырлы орган жылыту маусымы кезеңінде автокөлікпен көмірді әкетуді 6 айға шектеу туралы бұйрықты қабылдады. Аталған шешім көмір разрездері және өңірлік әкімдіктермен бірлесіп әзірленді.

«Қазір қандай да бір дүрбелең жоқ. Мүмкін бұл адамдардың көмір қорын алдын ала жинақтап алуымен байланысты шығар. Сондай-ақ қаланың көгілдір отынға көшіріліп жатқанын ескеру қажет.

Қазір халықтың едәуір бөлігі көмірді сатып алған. Вагондарды жіберу мен оларды тазалауға қатысты мәселе туындап отырған жоқ», деп сендірді көмір қоймасының меңгерушісі Алтынбек Есжанов.

Бұл ретте көмірдің қоры, бағасы және бар-жоқтығын анықтау туралы сұрақтардың жауабына 109 сенім телефон нөміріне хабарласу арқылы қанығуға болады.

Теміржол тұйықтарындағы көмірдің бағасы, оның ішінде Астанадағы қатты отынның құны туралы айтсақ, Майкөбе көмірінің тоннасы - 13 200 теңге. Шұбаркөл көмірінің бағасы – 13 900 теңге және Қаражыра көмірінің құны – 14 600 теңге.

Сонымен қатар Halyk Market платформасына өңірлік операторларды қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Осы орайда заманауи шешімдердің қатты отынды тікелей теміржол тұйықтарынан кезексіз сатып алуда септігі мол екенін айта кеткен абзал. Бұл өз кезегінде халықты жылыту маусымына уақтылы дайындауға мүмкіндік береді. Аталған қанатқақты жобаға Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарыы мен Алматы қаласы қосылды.

АНЫҚТАМА:

Қырқыншы стансасындағы көмір қоры 16 қарашадағы жағдайға сәйкес - 3 159 тонна.

Атап айтқанда,

  1. «Сабина» ЖК-де Шұбаркөл көмірінің тоннасы - 13 850 теңге, теміржол тұйығындағы көмір қоры - 389 тонна. Мекенжайы: Ж. Жабаев көшесі, 76
  2. «Северэнергоугольснаб» ЖШС-де Қаражыра көмірінің тұтынушылық түрінің тоннасы - 14 500 теңге, сортталған түрінің бағасы - 14 700 теңге. Теміржол тұйығындағы көмір қоры - сортталған түрі 140 және тұтынушылық көмір 1386 тоннаны құрайды.

Мекенжайы: Астана - Қарағанды тас жолы, «Отырар» теміржол тұйығы («Кенмарттың» артқы жағында орналасқан)

  1. «АстанаИнертПлюс» ЖШС-де Майкөбе көмірі - 13 000 теңге, теміржол тұйығындағы көмірдің қоры - 1384 тонна, Мекенжайы: Ж. Жабаев көшесі, 76

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

31 пікір

  1. аватар
    Sylvia 17 ноября 2024 21:34

    құс сияқты түсінде ұшатын болсаңыз, неге
    армандайсыз бебрас-2021, конкурс бобёр примеры
    заданий темір өндірісі қашан
    пайда болды, темір дәуірі мәдениеті шопан
    қадыр мырза әли, аспан әсері қадыр мырза әли

    Stop by my page it-маманы
    – болашақтың кәсібі атты жергілікті эссе

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.