ҚР ИИДМ: халықты көмірмен қамтамасыз ету жұмысы тұрақты бақылауда
Қыркүйек айының алғашқы 10 күндігінде өңірлерге 329,9 мың тоннаға жуық көмір жөнелтілді. Негізгі екпін солтүстік аймақтарға жасалып отыр, өйткені онда жылу беру маусымы басқа өңірлерге қарағанда ертерек басталады.
Тупиктер мен сауда қоймаларында көмір қалдығы 351,094 мың тоннаны құрайды, сондай-ақ жақын арада вагондардың келіп түсуі күтілуде.
Министрлік ел азаматтарын дер кезінде көмірмен қамтамасыз ету мақсатында күнделікті жергілікті атқарушы органдармен, ҚТЖ және көмір разрездерімен жиналыстар өткізіп отыр.
Қыркүйек айына арналған жоспар он күннің ішінде 30 пайызға орындалған. Ай соңына дейін межелі жоспар толықтай жүзеге асады, дейді мамандар.
Сондай-ақ, өңірлерге әлеуметтік көмір жеткізетін вагон паркі қосымша толықтырылуда.
ҚР ИИДМ Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
11 пікір