«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін ұсынатын алаяқтардың жиілеп кеткенін ескертеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін ұсынатын алаяқтардың жиілеп кеткенін ескертеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін ақшаға сатып алуды ұсынатын 30-ға жуық жазбалар мен хабарламаларды анықтады. Алаяқтар қарапайым схема бойынша әрекет етеді – клиент оларға қоңырау шалған кезде, олар дайын жүргізуші куәлігі үшін 50-60 мың теңге көлемінде ақша сұрайды және құжатты бір ай ішінде беруге уәде береді. Ақшаны алғаннан кейін олар жасырынып, телефондарын өшіріп тастайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері осындай хабарламаларды тұрақты негізде қадағалап отырады және анықталған қажетті ақпараттарды құқық қорғау органдарына жолдайды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР ІІМ-ге жүргізуші куәлігін алуға заңсыз түрде көмектесуге үндеген 12 факті бойынша ақпарат берілді.

Жүргізуші куәлігін тек тиісті емтихандардан өту арқылы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады.

Сондай-ақ, жүргізуші куәлігі үшін 1,25 АЕК (3975 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.

Емтихандар келесі ретпен тапсырылады: алдымен теориялық, содан кейін практикалық.

Анықтама: теориялық емтихан: 40 минут ішінде 40 сұраққа жауап беру керек. Емтиханнан өту үшін 32 сұраққа дұрыс жауап беру керек. Бұдан кейін-автодромдағы практикалық емтихан. 20 минут ішінде жүргізуші куәлігін алушы үміткер автокөлікпен жүру арқылы 12 сынақтан өтуі керек. Егер екі емтихан да сәтті өтсе, оған жүргізуші куәлігі беріледі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

45 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.