Халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті брондау қызметі ыңғайланды

Енді халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті брондау кезінде қызмет алушылар кезек алуға болатын бос уақытты көре алады. Бұрын бос орын жоқтығына қарамастан, брондау тізімінде барлық уақыт көрсетілетін. Бұл қызмет алушылар үшін қолайсыздық тудырып, мәзірден қайта шығып, бос уақытты қайтадан іздеуге тура келетін.

Сонымен қатар Egov.kz порталында кезекті қайта брондаудың жаңа функциясы іске қосылды. Егер азамат алдын ала жасаған броны бойынша қандайда себептермен ХҚО-ға бара алмаса, кезек уақытын қайта белгілеп, пайдаланбаған брон уақытын босата алады. 

Бір адамның бірнеше уақыт аралығын бірден брондау мүмкіндігі де шектелді. Енді азаматтар 10 күнде бір рет қана брон жасай алады. Бұл ретте, ХҚО мен автоХҚО-ға жасалған брон бөлек-бөлек есептелмейді, яғни қызмет алушы 10 күн ішінде ХҚО-ға да, мамандандырылған ХҚО-ға да кезекті онлайн қоя алады.

АвтоХҚО-ға жүгінуші азаматтарға көлікті қайта тіркету қызметі қажет болса, брон көлікті сатушы азаматтың атында болу керектігін ескертеміз.

Аталған шаралар брондау сервисіндегі кезекті азайтуға және неғұрлым көп азаматтың қызмет алуына жағдай жасады.

Аталған өзгертулерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бастамасымен egov.kz порталының операторы – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүзеге асырды. Бұған Азаматтарға арналған үкіметке қызмет алушылардан келіп түскен өтініштердің анализі мен онлайн түрде кезекке тұруды техникалық жақсарту қажеттілігін анықтаған фокус-топтың тестілеу нәтижелері негіз болды.

Сондай-ақ бір жұмыс күні ішінде бір ЖСН иесі үшін қызметтердің екі түрін брондау мүмкіндігі жасалды, олардың бірі құжаттандыру қызметімен байланысты. Мысалы, егер бұрын азамат бір күнде бір ғана қызмет түріне  брон жасай алса, мәселен, жеке куәлік қызметі бойынша, енді сол күні одан өзге қызмет түрін алу мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, енді egov.kz қолданушылары электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінде тапсырыс берілген кезегінің мәртебесін көре алады.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтарында онлайн түрде қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтерді алуға болады. Ол үшін ХҚО-ға кезек уақытын алдын ала egov.kz порталы немесе eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы брондау керек.

Бұл азаматтардың көптеп жиналуын болдырмау мен вирусты жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған шаралар.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.