Қазақстанда әлеуметтік қолдаудың нәтижесінде халықтың табысы артты

Қазақстанда әлеуметтік қолдаудың нәтижесінде халықтың табысы артты

 

Коронавирус пандемиясы халықтың табысына теріс әсер етті

 

2020 жылғы І-ші тоқсанда Қазақстан Республикасы халқының орташа жан басына шаққандағы табысы 2019 жылдың І-ші тоқсанымен салыстырғанда 7,4%-ға өсті, ал инфляцияның қалыптасқан деңгейін ескере отырып, нақты табыстар 1,4%-ға артты.

Табыстың ең көп үлесін 60%-ға жуығын жалдамалы жұмыстан түскен табыстар, екінші орында 28%-ға жуығын әлеуметтік трансферттерден түскен табыстар құрайды. Өткен жылдан бастап мемлекет халықты әлеуметтік қолдау шараларын күшейткенінің нәтижесінде әлеуметтік трансферттер үлесінің өскенін атап өту керек.

2020 жылғы І-ші тоқсанда республика бойынша жалдамалы жұмыстан түскен ақшалай табыс жан басына шаққанда 105 мың теңгені құрады. Халықтың табысына елдегі енгізілген төтенше жағдай және коронавирус пандемиясына байланысты карантиндік шаралар теріс әсер еткенін атап өту қажет.

Жан басына шаққандағы ең жоғары орташа кірістермен Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қаласы, сондай-ақ өнеркәсіптік дамыған өңір ретінде Қарағанды облысы және мұнай өндіруші кәсіпорындар орналасқан Маңғыстау облысы көш бастап тұр. Ең төменгі кірісті еліміздің оңтүстігіндегі ауыл шаруашылық өңірлерінің тұрғындары алады. Жалпы республика бойынша халықтың табысы 2019 жылдың І-ші тоқсанымен салыстырғанда барлық өңірлерде дерлік өсті.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ дайындаған «Қазақстан Республикасы халқының 2020 жылғы І-ші тоқсандағы кірістерін талдау» ақпараттық-талдамалық материалында өңірлердегі табыстардың құрылымы, кірістердің серпіні және жалпы республикалық үрдістер бойынша неғұрлым толық ақпарат ұсынылған https://iac.enbek.kz/ru/node/917

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.