ҮЙЛЕСІМДІ ТАМАҚТАНУ – БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

ҮЙЛЕСІМДІ ТАМАҚТАНУ – БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

 

19 қазан 2019 жыл, Алматы, Қазақстан – БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Алматы қ. Әкімдігінің қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырушысы болып табылатын «Аман Келешек» фестивалі барысында «Әлемдегі балалардың жағдайы, 2019 жыл: балалар, азық-түлік және тамақтану» («Положение детей в мире, 2019 год: дети, продовольствие и питание») жаңа шыққан жаһандық баяндамасының мәліметтерін интерактивті түрде ұсынды.

 

Баяндамаға сәйкес бүкіл әлемде 5 жасқа толмаған әрбір үшінші бала тойып тамақтанбау салдарынан тиісінше жетілмейтінге ұқсайды, оның көзге ерекше түсетін белгілері болып бойы өспеу, жүдеу және артық салмақ табылады. Орталық Азияның кейбір жерлерінде барлық балаларлың жартысынан кемі жақсы өсу үшін қажетті құрамы әртүрлі тамақтану тәртібін ұстанады екен.

«Орталық Азия елдерінде балалар арасындағы семіздіктің арту көрсеткіші бүкіл әлемде ең жоғары екені байқалады. 3 баланың біреуі құнарлы микроэлементтер тапшылығына шалдыққан. Бұл сандар қазіргі үрдісті көрсетеді. Дәл қазір шара қолдану қажет. Денсаулық сақтау, тамақтану, білім, әлеуметтік қорғау, сумен қамту және санитария жүйелері тамақтану саласындағы жағдайды жақсарту үшін бірлесіп жұмыс жасауы тиіс», - деді Амирхосейн Ярпарвар, Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі Аймақтық ЮНИСЕФ бөлімшесінің денсаулық сақтау мен тамақтану саласындағы маман.

«Дұрыс тамақтану әлеміне сапар шеккенімде, мен көптеген кедергілерге тап болдым. Егер дүкендерде барлық сөрелер денсаулыққа зиян тағамдар мен сусындардың көз тартар қаптамаларына толы болса, үйден тыс қалай тамақтану керек. Ал денсаулыққа пайдалы тіскебасар тағамдардың бағасы қалта көтермейді немесе мүлдем жоқ. Сол 300 теңгеге денсаулыққа пайдалы тағамға қарағанда мүлдем пайдасыз тіскебасарларды әлдеқайда көп сатып ала аламын», - деп, фестивальде артық салмақпен күрестегі өз тәжірибесімен бөліскен 17 жасар Катя мойындады.

 

Ол үкіметтерді, ұйымдарды әлемге балалардың көзімен қарауға және денсаулыққа пайдалы, әрі құнарлы тамақ баршаға бірдей қолжетімді емес екенін көруге және болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін осы мәселені шешуге шақырды.

 

Баяндамада жағдайды жақсартуға арналған бірқатар ұсынымдар келтірілген, солардың ішінде:

  • Балалардың тамақтануын ұйымдастыру мәселесін жұмыстың негізгі бағыттары қатарына қосу керек, себебі, тамақтану саласындағы балалардың қажеттіліктері бірегей болып табылады, ал сол қажеттіліктерді қанағаттандыру тұрықты даму үшін шешуші маңызға ие.
  • Нарықтарда және басқа да сауда нүктелерінде, әсіресе, кіріс деңгейі төмен қауымдарда пайдалы және арзан азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін арттыратын тұлғаларды және құрылымдарды көтермелеу үшін қаржылай ынталандыру құралдарын қолдану керек.
  • Зиян азық-түлік өнімдеріне қатысты қаржылай сипаттағы тежеу шараларын енгізу балалар тұтынатын тағам құрамын жақсарта алады. Мысалы, тәтті өнімдерге және сусындарға салық салынса, балалар мен жасөспірімдер оларды тұтынуын қысқартуы мүмкін.
  • Қосымша және негізгі азық-түлік өнімдерін құнарлы микроэлементтермен байыту экономикалық тұрғыдан балалар, жастар мен әйелдер арасындағы жасырын аштықпен күресудің тиімді тәсілі бола алады.

 

 

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ қолға алған әр ісінде әр баланың құқықтарын және аман-саулығын алға тартады. Серіктестерімізбен бірге біз 190 елде бүкіл әлемдегі балалардың аман-саулығы үшін ең ұрымтал және аз қамтылған балаларға ерекше көңіл бөле отырып, өз міндеттемелерімізді іс жүзіндегі әрекеттерге айналдыру үшін жұмыс жасаймыз.

 

ЮНИСЕФ пен оның жұмысы туралы толығырақ ақпарат алу үшін www.unicef.org сайтына кіріңіздер.

 

Жаңалықтарымызды Facebook және Twitter парақшаларымыздан жіберіп

алмаңыздар.

 

Байланыс мәліметтері:

 

Зарина Нұрмұхамбетова, тел.: +7 7172 322878 қос. 112, email:

znurmukhambetova@unicef.org

 

Динара Салиева, тел.: +7 702 8450527, email: dsaliyeva@unicef.org  

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.