СІМ басшысы «ExxonMobil» компаниясының Қазақстандағы басқарушы директорымен кездесті

СІМ басшысы «ExxonMobil» компаниясының Қазақстандағы басқарушы директорымен кездесті

Сыртқы істер министрлігінде сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұловтың «ExxonMobil» компаниясының Қазақстандағы басқарушы директоры Динеш Сивасамбумен кездесуі өтті.

«Қазақстан саяси және экономикалық бағыттың сабақтастығын сақтап отыр, бұл жалпы бизнес қоғамдастығы үшін маңызды белгі. Біз «ExxonMobil» компаниясының әріптестік пен өзара тиімді ынтымақтастық рухына ұстануын, сондай-ақ Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз», - деді сыртқы саяси ведомствосының басшысы.

«ExxonMobil» өкілі өз қызметіндегі алдағы жоспарларымен бөлісіп, ҚР Үкіметі тарапынан инвесторларға көрсетіліп отырған қолдауын оң бағалады. «Инвестор ретінде біз Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделіміз», - деді Д.Сивасамбу.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективалық бағыттары, оның ішінде қайта өңдеу салаларын дамыту және индустрияландыру үшін компанияның инвестицияларын қайта пайдалану мәселесі талқыланды.

СІМ басшысы «ExxonMobil» түрлі салалардағы жаңа экономикалық жобаларға өз қаражатын қайта инвестициялау мүмкіндігін қарастыруға, сондай-ақ америкалық корпорацияның түрлі өнімдерін жеткізуге жұмыс атқаратын жаңа компаниялардың Қазақстанға келуіне ықпал етуге шақырды. Тараптар осы бағыттағы диалогты дамытуға келісті.

Сондай-ақ, «ExxonMobil» компаниясы еліміздің аумағында өндіріске, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларға, атап айтқанда, компания жұмыс істейтін аймақтарда және жалпы Қазақстан бойынша денсаулық сақтау және білім беру салаларына одан әрі инвестициялауға мүдделі.

Сондай-ақ кездесу барысында Д.Сивасамбу «ExxonMobil» компаниясы басшылығының алдағы 32-ші Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысуын растады.

Анықтама: «ExxonMobil» елдегі алғашқы батыс инвесторларының бірі және бүгінгі таңда Қазақстанның бұл компаниямен ынтымақтастығына 26 жыл болды. Осы кезеңде Қазақстанға салынған инвестициялардың көлемі 22 млрд. АҚШ долларын құрады.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.