Мәжіліс депутаттары ұстаздармен бірге «Nur Otan» партиясы Бағдарламасының екінші мақсатының жүзеге  асырылуын талқылады

Мәжіліс депутаттары ұстаздармен бірге «Nur Otan» партиясы Бағдарламасының екінші мақсатының жүзеге асырылуын талқылады

 

Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева мен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнәр Ихсанованың қатысуымен  «Nur Otan» партиясының  2030  жылға дейінгі Бағдарламасының – «Әрбір адам үшін қолжетімді болашақ білімі» атты екінші мақсатының жүзеге асырылуы бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.

Г. Исимбаеваның айтуынша, партия Бағдарламасының аталған мақсаты  әрбір адам үшін қолжетімді, болашақ білімді ұйымдастыруды – қазақстандықтардың инновациялық жаңа буынын дайындауды, білім саласына ең озық мамандарды тарту, білім жүйесін дамытуды көздейді.

- Жаңа ұрпақ өкілдері әлемнің технологиялық жағынан озық үлгідегі білім мен тәрбие алған замандастарымен терезесі тең болуын ойластыруымыз қажет. «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде Елбасы партия алдындағы осы бағытта атқарылар стратегиялық тапсырмалар жүйесін белгілеп берді. Тұңғыш Президент бұдан басқа да өзекті мәселелерді көтере отырып, жалпы білім жүйесін жаңғыртуды, үштілде оқытуды, бүгінгі оқу процесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізуді, қолжетімді білім алуды қамтамасыз етуді тапсырды, - деп атап өтті Гүлмира Исимбаева.

Бүгінде «Nur Otan» партиясы еліміздегі әрбір мектепте IT-сыныптар ашуға, шәкірттерді компьютерлік бағдарламалар жасауға ынталандыруға, олардың бойындағы инттелектулды таланты мен қасиеттерді ашуға білім мекемелері арқылы барлық мүмкіндіктерді жасап отыр.

Дөңгелек үстел барысында алматылық ұстаздар өздерін толғандырып жүрген жаңа оқу бағдарламасындағы толықтыратын олқы тұстары туралы, үштілділікті енгізу, мектеп оқушыларының инттеллектуалды ой-өрісін өсіруге қажетті методикалық-әдістемелік оқу құралдарының сапасын жақсарту және басқа да білімге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиын қорытындысында бірқатар нақты ұсыныстар айтылып, олар тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болды.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі)

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.