Елордада Полиция департаменті бастығының халық алдында есеп беру кездесуі өтті » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Елордада Полиция департаменті бастығының халық алдында есеп беру кездесуі өтті

Елордада Полиция департаменті бастығының халық алдында есеп беру кездесуі өтті

Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Марат Төлебаев халық алдында есеп беру кездесуін өткізді. Іс-шараға сондай-ақ аудандық полиция басқармаларының басшылары, қалалық және аудандық әкімдіктердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Өз сөзінде ПД бастығы өткен жылдың жұмыс қорытындыларын баяндап, жедел жағдайдың негізгі көрсеткіштерін атап өтті және қаладағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты. Полиция мен азаматтардың өзара іс-қимылына және құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылды.

“Қол жетімді полиция” қағидаты шеңберінде полицияның қоғамдық орындарда тұрақты болуының әсері қамтамасыз етілуде. Жедел әрекет ету мақсатында өткен жылы 6 учаскелік полиция пункті мен 3 стационарлық модульдік бекет пайдалануға берілді», – деп атап өтті Марат Төлебаев.

Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Қоғамдық тәртіпті сақтау, есірткі және киберқылмысқа қарсы күрес, оның ішінде “есірткі затын жасыру” мәселесі, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық тұрғындардың өтініштері ПД басшылығының бақылауына алынды.

Жауапты қызметтерге тиісті тапсырмалар беріліп, полиция жұмысын қоғам мүддесіне қарай жетілдіру жөніндегі алдағы кезеңге қойылатын міндеттер айқындалды.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.