Save the Caspian Sea қозғалысы Blue Community жаһандық желісінің Орталық Азиядан шыққан алғашқы мүшесі болды

Save the Caspian Sea қозғалысы Blue Community жаһандық желісінің Орталық Азиядан шыққан алғашқы мүшесі болды

Алматы, Қазақстан, 22 қаңтар 2025 – Save the Caspian Sea («Каспий теңізін құтқарайық»)қозғалысы суресурстарынқорғауменжәнетұрақтыбасқаруменайналысатынBlueCommunityжаһандықжелісінеқосылғанОрталықАзияның алғашқыұйымыболды.

Қазақстанда, Ресейде, Түрікменстанда, Иранда және Әзірбайжанда 270 миллионнан астам адам үшін өмірлік маңызы бар әлемдегі ең ірі тұйық су айдыны – Каспий теңізі бүгінде экологиялық апаттың алдында тұр. Көпжылдық өнеркәсіптік пайдалану, ластану және климаттың өзгеруі теңіздің тез таяздануына, түбінің көрінуіне, сондай-ақ бірегей экожүйенің жойылуына және жергілікті тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіруге алып келді.

Экологиялық және климаттық құқық бойынша заңгер Вадим Ни негізін қалаған Save the Caspian Sea қозғалысы осы мәселелердің шешімін табу үшін белсенді жұмыс жасауда. Нақтырақ айтқанда, 2024 жылдың желтоқсанында басталған бұл науқан Каспий теңізін, оның мекендеушілері мен жағалау халқын қорғау мақсатында және соған қатысты мәселелері туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ, тұрақты саясат пен тәжірибелерді енгізу және биологиялық әртүрлілікті сақтау бағдарламаларын күшейту үшін коммерциялық емес ұйымдар, белсенділер мен бей-жай қарамайтын азаматтарды біріктіреді.

«Blue Community – бұл жаһандық ынтымақтастыққа ықпал ететін, су ресурстарына ұқыпты қарау қажеттілігі туралы хабардарлықты арттыратын және оларды жергілікті және халықаралық деңгейде жауапты басқаруды ынталандыратын экологиялық ұйымдар мен бастамалардың бірегей халықаралық консорциумы»,деп атап өтті Save the Caspian Sea негізін қалаушы Вадим Ни.

Blue Community бастамасының негізін қалаушы Мод Барлоу жаңа қатысушыны құттықтай отырып, «Біздің желімізде алғаш рет Азиялық қатысушы пайда болды. Бұл шабыттандырады, өйткені бірлескен күш-жігермен біз жағдайды өзгертіп, әлемді жақсарта аламыз. Қош келдіңіз, Save the Caspian Sea!» деді.

Бұл серіктестік Каспий теңізін сақтау жолындағы күрестің жаңа тарауын ашады. Blue Community халықаралық желісінің қолдауымен Save the Caspian Sea қозғалысы аймақтағы экологиялық жағдайға назар аудару бастамаларын күшейтуді және осы бірегей су айдынын қорғау үшін қолдауды жұмылдыруды жоспарлап отыр.

Save the Caspian Sea #SaveTheCaspian хэштегін қолдана отырып, жаһандық ақпараттық науқан арқылы бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарды тартуға тырысады. Қоғамдық қолдау арқылы қозғалыс Каспий теңізінің маңызды экожүйесін сақтау жолында нақты шаралар қабылдау үшін шешім қабылдайтын тұлғалардың назарын аударуға талпынады.

Қозғалыс туралы, оған қатысу немесе науқанның негізгі тұлғаларымен сұхбат ұйымдастыруға қатысты  қосымша ақпарат алу үшін www.savethecaspiansea.com сайтына кіріңіз немесе info@savethecaspiansea.com электрондық мекенжайына хабарласыңыз.

*«Каспий теңізін құтқарайық» қозғалысы туралы ақпарат (Save the Caspian Sea, SCS)

«Каспий теңізін құтқарайық» (Save the Caspian Sea, SCS) – бұл Каспий теңізіне қауіп төндіретін негізгі экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жаһандық қозғалыс. Белсенді ақпараттық науқан, білім беру бастамалары және ынтымақтастық арқылы SCS теңіздің бірегей экожүйесін сақтауға, құстар мен жануарлардың көптеген түрлерінің және миллиондаған адамдардың тұрақты болашағын қамтамасыз етуге бағытталған.

Науқан бұқаралық ақпарат құралдарының және әлемдік қоғамның назарын аудара отырып, қозғалыстың ұмтылысын қолдауға шақырады. Науқан жетекшілерімен сұхбат ұйымдастыру немесе іс-шаралар туралы материалдар алу үшін info@savethecaspiansea.com электронды поштасы арқылы Вадим Ни және оның командасымен хабарласуыңызды сұраймыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.