Мәжіліс азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша Үкіметтің ақпаратын тыңдады

Мәжіліс азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша Үкіметтің ақпаратын тыңдады

Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар өңірлерді аралау барысында Мәжіліс депутаттарына түскен азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау қорытындылары туралы Үкіметтің ақпаратын тыңдады. Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова былтыр қазан айында Үкімет депутаттардың өңірлерге сапары барысында тұрғындар көтерген 1700-ден астам мәселені қарап, жүйелегенін атап өтті. Оның нәтижесінде қабылданған нақты шаралар туралы есеп берді. – Бұл формат өзінің тиімділігін көрсетті. Бүгін дәстүрлі түрде қаңтар айында келіп түскен 1000-ға жуық сұрақ бойынша баяндама жасап жатырмыз. Олардың орындалу барысы Үкіметтің ерекше бақылауында. Жүйелі мәселелердің басым бөлігі өз шешімін тапты, – деді Т. Дүйсенова. Үкіметтің мәліметінше, мәселелердің негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы саласы, өңірлерді дамыту, тұрғын үй және қауіпсіздік салаларын қамтиды. 30 пайызы инфрақұрылымды дамытуға, соның ішінде құрылыс, жол, газ бен су мәселесі, әлеуметтік нысандар құрылысы мен оларды жөндеуге қатысты. Қалғандары әлеуметтік салаға қатысты. Депутаттар баяндамашыға азаматтарды толғандырып жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Олардың кейбіріне шақырылған Үкімет мүшелері де жауап берді.  Бұдан соң Мәжілістегі саяси партиялардың фракция жетекшілері биыл 3-12 қаңтар аралығында депутаттардың өңірлерде жүргізген жұмыстарының қорытындыларына тоқталды. «АМАNАТ» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Үкіметтен келген жазбаша жауаптардың кейбіріне депутаттардың көңілі толмайтынын атап өтті. Жақында мәжілісмендердің тағы да өңірлерге сапары басталатынын, олар қыста көтерген мәселелердің шешімін тұрғындарға жеткізуі керек екенін, ал Үкімет бұл ақпаратты бүгін ғана мәлімдегенін айтты. – Дегенмен Үкіметтен мыңнан астам сұрақтың басым бөлігіне сырғытпа жауап пен формальды ұсыныс келді. Оның ішінде МӘМС бойынша қаражат аударғанымен, тиісті медициналық қызмет ала алмаған азаматтардың, «Ауыл – ел бесігі» жобасына кірмеген мүшкіл халдегі ауылдардың, уақытылы индустриалды сертификат ала алмай сарсаңға түскен кәсіпкердің, әлеуметтік пакетсіз ішкі істер органдарынан зейнеткерлікке шыққан ардагердің жанайқайы мен талап-тілектері бар, – деді Елнұр Бейсенбаев. «АМАNАТ» фракциясының депутаттары Үкіметке бүгінгі талқылаудан тиісті қорытынды шығарып, әр министрлік жауапты болатын мәселелер бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын қабылдауды ұсынды.  «Ауыл» фракциясының жетекшісі Серік Егізбаевтың айтуынша, халықпен кездесу қорытындысы бойынша фракция депутаттары 120-дан астам сұрақтан тұратын тізім жасақтаған. Оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы техникасына мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі ерекше назар аударуды және жедел шешуді талап етеді.  – Осы тақырып бойынша фракция депутаттары Жигули Дайрабаев пен Ерболат Саурықов бірқатар депутаттық сауал жолдап, Аграрлық мәселелер комитетінің тақырыптық отырыстары өтті. Алайда бүгінгі күнге дейін көтерілген мәселелерді шешу үшін Үкімет тарапынан жүйелі тәсілдерді көрген жоқпыз, – деді Серік Егізбаев.  Осыған байланысты «Ауыл» фракциясы ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркеме техниканы шығаратын отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын қарастыратын арнайы салалық бағдарлама қабылдауды ұсынды.  «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, Respublica партияларының фракция жетекшілері де өңірлерді аралау нәтижелерімен және тиісті ұсыныстарымен бөлісті.  Жиын соңында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палатаның сегізінші шақырылымның екінші сессиясындағы қызметін қорытындылады. Ол Президенттің ауқымды реформалар бағытын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша байыпты да қажырлы іс атқарылғанын атап өтті. Бұл сессияда барлығы 39 жалпы отырыс өтіп, мәжілісмендер 302 мәселе қарады.  – Мәжіліс 100 заң қабылдады, соның ішінде әр үшінші заңға депутаттар бастамашылық етті. Олардың ішінде – сот жүйесі туралы конституциялық заң, адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы, масс-медиа туралы заңдар бар. Сондай-ақ, қоғамды ұзақ уақыт бойы алаңдатып келген өткір мәселелер – халықтың шамадан тыс кредит алуы, әйелдер мен балалар қауіпсіздігі, сондай-ақ лудомания мәселелері заңнамалық тұрғыдан реттелді, – деді Палата спикері. Ерлан Қошанов азаматтық және сарапшылық қауымдастықпен тығыз және тиімді қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Бұл бағытта Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата табысты жұмыс атқаруда. Оның мүшелері өзекті заң жобалары бойынша жұмыс топтарына қатысады, онда қоғам пікірі ашық айтылады. «Инклюзивті Парламент» депутаттық тобы мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін шешуге атсалысып келеді. Мәжіліс қызметінде Қоғамдық қабылдаудың да алатын орны ерекше. Биылғы сессияда депутаттар екі жарым мыңға жуық азаматты қабылдады. – Парламент сессиясы аяқталды. Бірақ бұл тек заң қабылдау жұмысында ғана екі ай үзіліс болатынын білдіреді. Ал депутаттардың қызметі жалғаса береді. Өңірлерге барып, жұртшылықпен жүздесетін боламыз. Ел Президенті депутаттардың өңірлерге барып жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті. Сайлаушылардың мұң-мұқтажын өз аузынан тыңдап-білу – бізге берілген зор мүмкіндік. Болашақта мұның бәрі жаңа заңнамалық бастамалар мен депутаттық сауалдарға негіз болады, – деп түйіндеді Ерлан Қошанов. Сонымен қатар бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ғылым мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа қабылдады.
https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id52480/1/15

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Гость Anthonyanaep 9 августа 2024 22:31

    как отличить сравнительный оборот от придаточного сравнительного
    https://www.frutilupik.ru
    двигатель внутреннего сгорания как работает кратко
    lukiblog.ru
    https://sensorfaq.ru
    кто такой швабрин в капитанской дочке
    snotolkovatelnyi.ru
    http://www.webpilyla.ru
    что такое материальная культура кратко
    sigmablog.ru
    http://www.fokusblog.ru
    как называется море омывающее берега южной америки

  2. аватар
    Гость Anthonyanaep 29 августа 2024 05:25

    кто написал легенда о данко
    https://www.toktiblog.ru
    прилагательное какой член в предложении
    snotolkovatelnyi.ru
    http://sigmablog.ru
    не спеша как пишется и почему
    openkrokzo.ru
    https://sensorfaq.ru
    как правильно предлагать или предлогать
    lukiblog.ru
    http://toktiblog.ru
    как защитить воду от загрязнения

  3. аватар
    Гость Anthonyanaep 10 сентября 2024 01:23

    битва под ватерлоо кто победил
    http://toktiblog.ru
    какое значение имеет профессия повар для людей
    toktiblog.ru
    http://www.algoblogus.ru
    на день рождение как пишется
    snotolkovatelnyi.ru
    https://www.toktiblog.ru
    как получить азотную кислоту из аммиака
    toktiblog.ru
    https://www.snotolkovatelnyi.ru
    как отличить служебные части речи от самостоятельных

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.