ШҚО-да Антикор кәсіпкерлерге саябақтар аумағында жер учаскелерін жалға беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады
Өскемен қаласының саябақтарында кәсіпкерлер бірдей жер учаскелерін жалға алған кезде әртүрлі бағалар төлеген. Осындай жүйелі, кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері саябақтар мен мұражай-қорықтар аумағында кәсіпкерлерге жер учаскелерін жалға беру саласында жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг кезінде анықталды.
Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакенов мәлімдеді.
Сонымен, саябақ басшылары кәсіпкерлерге қызметтің және учаскелердің аумағының ұқсастығына қарамастан жалға алудың әртүрлі бағаларын белгілеген.
Мысалы, "Самал" саябағында екі кәсіпкер ауданы 32 ш.м. бірдей учаскелерде ұқсас қызметтерді көрсеткен, бірақ олардың жалдау бағасында айтарлықтай айырмашылық болды, яғни біріншісі 120 мың теңгеге, ал екіншісі 9 мың теңгеге жалдады.
Осыған ұқсас фактілер басқа саябақтарда, соның ішінде Сол жағалау кешенінде (Этно Парк) байқалды.
"Мысалы, кәсіпкер Сол жағалау кешенінде учаскені жалға алып, саябаққа келушілерге веломобильдерді жалға берген, осы бизнеске қажет арнайы инфрақұрылым жасаған. Алайда, 2023 жылы оның қызметіне шағымдардың болмауына қарамастан, жалға алу мерзімін ұзарту бойынша келісімшарт жасау кезінде проблемалар туындады. Айта кету керек, шарттар маусымдық негізде жасалып, жыл сайын ұзартылып отырған", - деп атап өтті Денис Шакенов.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің ұсынымдары бойынша 2024 жылғы қаңтардан бастап қала саябақтарында жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс "www.e-qazyna.kz" веб-платформада электрондық форматта өткізілетін болады.
Бұл қадам алдыңғы процедураларда болған түсініксіздіктерді жою арқылы процестің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.
[xfvalue_img]