Алтын Емел мен Барсакелмес ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енді

Алтын Емел мен Барсакелмес ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енді

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитет Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы бірлесіп енгізген «Тұранның суық қысқы шөлдері» көпұлттық номинациясының құрамдас бөліктері ретінде Алтын Емел ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының аумақтарын Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізді.

Тиісті шешім Комитеттің Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасында өтіп жатқан кеңейтілген 45-ші сессиясында қабылданды.

«Бүгін біз Орталық Азия шөлдері ЮНЕСКО-ның аса күрделі климаттық жағдайларда жер үсті экожүйелері дамуының және қарқынды экологиялық және биологиялық үдерістер шеңберінде өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ету және бейімделу стратегиялары эволюциясының көрнекті үлгісі ретінде жаһандық мойындау тауып жатқанына қуанып отырмыз. Біз Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшелеріне және Табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық одақ сарапшыларына осы көпұлттық номинацияны дайындауға барша атсалысқандардың күш-жігерін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтамыз. Алтын Емел мен Барсакелместің жаңа халықаралық мәртебесі Қазақстанның шөлді экожүйелерін терең ғылыми зерттелуінің және қорғау жөніндегі тиімді шараларды жалғастырудың, сондай-ақ еліміздің орнықты және жауапты туризмді дамытудағы әлеуетін нығайтудың маңыздылығына қосымша назар тартады деп сенеміз», – делінген Комитет сессиясындағы Қазақстан Республикасы делегациясының мәлімдесінде.

Номинацияның қазақ бөлігі ҚР Дүниежүзілік мұра жөніндегі ұлттық комитеті сарапшыларының, Алматы облысындағы Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Қызылорда облысындағы Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы мамандарының қатысуымен, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің, Халықаралық Аралды құтқару қорының, сондай-ақ, «Халықаралық климаттық бастама» және «Орталық Азия шөлдері бастамасы» жобалары аясында Грейфсвальд университеті жанындағы Михаэль Зукков қорының және ГФР үкіметінің қолдауымен дайындалды.

Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан шөлдерінің аумағында аса жоғары және аса төмен ауа температурасының әлемдегі ең үлкен айырмашылықтарының бірі байқалады. Ғалымдардың пікірінше, олар жердегі экожүйелердің эволюциясын мен күрделі климаттық жағдайларға бейімделуін айқын көрсетеді. Сонымен қатар бұл шөлдерде құлан, қарақұйрық, ақбөкен сияқты сирек кездесетін жануарлар мекендейді және сексеуіл сияқты сирек өсімдіктер өседі. Бірнеше жыл бұрын Алтын Емел мен Барсакелмес ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары мәртебесіне ие болған.

Бұдан басқа, Дүниежүзілік мұра комитетінің отырысында отандық делегация ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне кіретін нысандарды қорғау бойынша елде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынды.

Делегация құрамына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы Күміс Сейітова, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Әлия Байсабаева, Дүниежүзілік мұра жөніндегі ҚР Ұлттық комитетінің сарапшылары Дмитрий Воякин мен Элина Мальцева, ЮНЕСКО жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің және «Қазқайтажаңартудың» өкілдері кірді.

Сессия аясында ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра орталығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі мен Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен тарихи қалалық ландшафттар тұжырымдамасына және қазақ елінің Дүниежүзілік мұра тізіміне тұңғыш нысаны – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енгізілуінің 20 жылдығына орай «Орнықты болашақ үшін дамумен үйлесімдегі мұра» атты арнайы іс-шара (сайд-ивент) ұйымдастырылды.

Семинар аясында еліміздің және оның өңірлерінің туристік әлеуетін іске асыруға қатысты мемлекет ұстанымдарының таныстырылымы өтті. Мамандар қоғамдастығының қатысуымен Дүниежүзілік мұра ескерткіштерін қорғау мәнмәтінінде тиісті аумақтардағы орнықты дамудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Анықтама: Қазақстан 1992 жылғы 22 мамырдан бастап Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымына (ЮНЕСКО) мүше. Еліміз ЮНЕСКО-ның 16 халықаралық конвенциясына тарап болып табылады. Қазақстаннан Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра тізіміне 6 ұсыныс, Адамзаттың материалдық емес (жанды) мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне 13 ұсыныс, ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар желісіне 15 ұсыныс, «Әлем жады» деректі мұра тізіліміне 3 ұсыныс, Атаулы мерейтойлар күнтізбесіне 25 ұсынысы енгізілді. ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының үйлестіруімен елімізде тақырыптық бағыттар бойынша 9 ұлттық комитет, 5 кафедра, 31 қауымдастырылған мектеп және ЮНЕСКО-ның 190 клубы жұмыс істейді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/622059?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.