Елордада көлік құралдарының қозғалысы кезең-кезеңімен тоқтатылады
Ағымдағы жылдың 24-26 тамызы аралығында Қабанбай батыр даңғылы бойымен «Нұра-Есіл» каналынан «Оңтүстік айналма жол» айырығына дейін көлік құралдарының қозғалысы кезең-кезеңімен тоқтатылатын болады.
Ағымдағы жылдың 24 тамызында «Нұра-Есіл» каналынан Мәңгілік Ел даңғылының қиылысына дейін тоқтатылады.
Ағымдағы жылдың 25 тамызында Мәңгілік Ел даңғылының қиылысынан Жаңадария көшесіне дейін жабылады.
Пригородный кенті мен саяжай массивінің тұрғындары «Нұра-Есіл» каналы ауданындағы Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына қарай, сондай-ақ Арнасай көшесі арқылы «Оңтүстік айналма жолға» дейін жүруге болады.
А.ж. 26 тамызда Жаңадария көшесінен «Оңтүстік айналма жол» көлік айрығына дейін жабылады.
Құрметті жүргізушілер! Аталған өзгерістерді назарға алып, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз және жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жабық учаскелерді қоспағанда, маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Әуежайға баратын жүргізушілер маршрутты «Оңтүстік айналма жол» арқылы жоспарлаңыздар.
Жол қозғалысы мен қауіпсіздікке қатысты барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша 69-75-75, 71-69-77, WhatsАpp 8-705-295-86-20 телефондары арқылы Нұр-Сұлтан қ.ПД Әкімшілік полиция басқармасының колл-орталығына хабарласуға болады.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]