БҚО әкімі: 100-ден астам халқы бар ауылдардың барлығы интернетпен қамтамасыз етіледі.
Ауылдарда интернет сапасын күшейту бағытындағы жобалар қолға алына ма? Осыған байланысты қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Орталық коммуникациялар қызметінде есеп беру кездесуі барысында БҚО басшысы Ғали Есқалиевке журналистер осындай сұрақ қойды.
«Батыс Қазақстан облысында 416 шағын ауыл бар. Мақсатымыз – бірінші кезекте 100-ден астам халқы бар ауылдарға интернет пен мобильдік байланыс өткізу. Былтыр тиісті жоспар бекітілді. Қазіргі кезде сол жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы мобильдік операторлармен бірелсіп, 72 ауылдық елді мекенге интернет, мобильді байланыс жеткізілді немесе сапасы арттырылды. Биыл кемінде 134 ауылдық мекенге интернет пен мобильді байланыс жеткізу немесе сапасын арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ең үлкен ауылдардың мәселесін шешуіміз керек. 30-50 адам тұратын шағын ауылдарға интернет тарту мемлекет үшін де, кәсіпкерлер үшін де тиімсіз. Бұл операторлардың ережелері бойынша да мүмкін емес. Ал халқы 100 адамнан асатын ауылдардың барлығы қамтамасыз етіледі», - деді облыс әкімі өз жауабында.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1655705646
[xfvalue_img]
1 пікір