Қазақстанның облыстық перинаталдық орталықтарында "құрсақтағы нәрестені қорғау" орталықтары құрылады
ҚР-да құрсақішілік даму кезеңінде баланың патологиясын ерте анықтау мақсатында республиканың облыстық перинаталдық орталықтарында "құрсақтағы нәрестені қорғау" бөлімшелері құрылады.
"UMC корпоративтік қорының Ана мен бала орталығы және облыстық перинаталдық орталықтардағы тиісті бөлімшелер базасында "құрсақтағы нәрестені қорғау" республикалық орталығын құру жоспарлануда", - деп Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында хабарлады.
Сондай-ақ, 20 ауданаралық ауруханада перинаталдық көмектің үшінші деңгейлі босандыру бөлімшелері ұйымдастырылады.
Жалпы, әдіснамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру бөлігінде кейіннен катамнестік бақылауды қамтамасыз ете отырып, шала туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету жетілдірілетін болады.
Қазақстан ұрық дамуының туа біткен ақауларын ерте анықтау үшін пренаталдық скринингтің жаңа заманауи әдіснамасына көшеді.
Сонымен қатар, пренатальды ультрадыбыстық диагностика функциясы жетілдіріледі. Пренатальды УДЗ диагностикасының қосымша 100 маманын оқыту, сондай-ақ өңірлерді УДЗ сараптамалық сыныбының УДЗ аппараттарымен жарақтандыру жоспарлануда.
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/333606?lang=kk
[xfvalue_img]
3 пікір