NIS оқушысы медициналық маскаларды залалсыздандыратын құрылғы ойлап тапты
Елордадағы Халықаралық мектептің 9-сынып оқушысы Амина Айтқазыева медициналық маскаларды залалсыздандыруға арналған құрылғыны ойлап тапты. Оқушы «Қарапайым бір адам күніне қанша маска ауыстырады?» деген сұрақтың мазалағанын айтады:
̶ Күнделікті тұрмыста қанша маска ауыстыратындығын анықтау мақсатында таныстарымның арасында шағын сауалнама жүргізген болатынмын. Сауалнама нәтижесі респонденттердің басым көпшілігі күніне тек бір маска ғана қолданатыны белгілі болды. Осы негізде мен маскаларды залалсыздандырып, қайта тағуға мүмкіндік беретін құрал ойлап табуды жөн деп шештім. Аталмыш құралды кез-келген жұмыс орнында, ойын-сауықтыру орталықтарында, мектептер мен мемлекеттік мекемелерде қолдануға болады.
Құралдың жұмыс істеу принципі ультракүлгін сәулелермен тығыз байланысты. Оқушы бұны жапониялық ғалымдардың зерттеуімен байланыстырады ̶ 222 нм толқынды ультракүлгін сәуле 6 секундта коронавирус жасушаларының ДНҚ-сының 99,7%-ын өлтіреді.
̶ Ультракүлгін сәулеленудің аз мөлшері адам денсаулығына зиянын тигізбесе де, мен өз құралымда ультракүлгін сәулеленуді сыртқы ортаға шығармауды қарастырдым. Ол үшін сәулеленуді сыртқа шығармайтын поликарбонат материалды қолдануды дұрыс деп таптым, ̶ деп бөліседі автор.
Туынды авторының сөзінше, құрылғыны жасауға шамамен 7000 теңгедей шығын кетеді. Ұзақ мерзімді кезеңді қарастырар болсақ, бұл үлкен бір отбасы немесе ұжым үшін айтарлықтай қаржылай үнем.
[xfvalue_img]
30 пікір