Серпіндік студенттері Шығыс Қазақстан облысының дамуына белсенді үлес қосуда

Серпіндік студенттері Шығыс Қазақстан облысының дамуына белсенді үлес қосуда

 

«Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алған С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің түлектері соңғы үш жыл бойы облыстың дамуына белсенді үлес қосып келеді.

Жалпы 2018 жылдан бастап «Серпін» бойынша ШҚУ-ны 457 адам аяқтады, оның үш жүзге жуығы Шығыс Қазақстан өңірінде жұмысқа орналасып, еңбек етуде. Amanzholov University түлектері қазіргі уақытта облыстың Қазмырыш, Қазминералс, ҮМЗ сияқты жетекші кәсіпорындарында, сондай-ақ агроөнеркәсіптік секторда, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде жұмыс істейді.

Мәселен, Арайлым Мұратайқызы биыл «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша университетті бітірді. Қазіргі уақытта Глубокое ауданындағы "Алтын Шығыс" май өндіру зауытында жұмыс істейді.

– Елбасының қолдауымен Қазақстанда «Серпін» бағдарламасы іске қосылғанына қуаныштымын. Бұл бізге үлкен мүмкіндік пен мотивация береді. Оқуды бітіргеннен кейін маған Глубокое ауданындағы «Алтын Шығыс» ЖШС май өңдеу зауытында лаборант болып жұмыс істеуді ұсынды. Әрине, қиындықтар болды, әсіресе бейімделуде. Бірақ қазір бәрі жақсы. Жұмыста барлық жағдай жасалған, ұжым өте тату. Маған бәрі ұнайды, – дейді жас маман Арайлым Мұратайқызы.

ШҚУ тағы бір түлегі Рамазан Ақбай 2019 жылы оқу бітірген соң, жұбайымен бірге Өскеменде қалып, еңбек жолын осы жерден бастауға шешім қабылдайды. Жолдасы да «Серпін» бағдарламасының түлегі. Бүгінде Рамазан қазір №27 орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі лауазымында табысты қызмет етуде.

– Мен мамандық таңдауда қателеспеген адам шығармын. Балаларға білім беріп, тұлға етіп тәрбиелеу - жоғары мәртебе. Университетті бітіргеннен кейін мен шаңырақ құрдым, жұмысқа тұрдым. Жұбайым қазір декреттік демалыста. Баламыз бір жаста, өте бақыттымыз. Жұмысқа орналасу кезінде бізге қалалық Жұмыспен қамту орталығы үлкен көмек көрсеткенін ерекше атап өткім келеді. Олар жыл бойы тұрғын үй жалдау шығындарын өтеп тұрды, біз үшін бұл үлкен қолдау, – дейді Рамазан Ақбай. 

Түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу және олардың еңбек нарығына сәтті бейімдеу мақсатында университет тұрақты негізде жұмыс берушілердің жас мамандармен кездесулерін ұйымдастырып, компаниялардың таныстырылымдарын және бос орындар жәрмеңкелерін өткізеді. Сонымен қатар, университет бірінші, екінші курс студенттеріне де ерекше көңіл бөледі. Осы ретте С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан келген серпіндіктермен кездесу өткізді.

Кездесуде тек ішкі ғана емес, сонымен қатар университет өмірінің басқа да аспектілеріне қатысты түрлі мәселелер талқыланды: оқу, жастардың студенттік қызметі, жұмысқа орналастыру. Университет ректоры студенттерді мұқият тыңдап, қойылған әрбір сұраққа толық жауап берді. Сондай-ақ, балалар әрдайым университет басшылығының қолдауына сене алатынын атап өтті.

– Өздеріңіз білетіндей, біздің ЖОО оқу бітіргеннен кейін студенттерді жұмысқа орналастыру бағыты бойынша жемісті жұмыс істейді. Бүгінде түлектеріміздің 67%-ы еңбек қызметін Шығыс Қазақстан облысында жалғастыруда. Облыстың бірқатар аудан және қала әкімдіктері көтерме тұрғын үйге жеңілдікпен несие беру үшін ақшалай субсидиялар бөлу бағытында жұмысқа орналасқан түлектерге әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмысты іске асырады, күзгі, қысқы және көктемгі суықта көмірмен материалдық көмек көрсетеді. Студенттер біздің қолдауымызға әрқашан сене алатынын, біз оларда туындаған мәселелерді шешуге әрдайым көмектесуге дайын екендігімізді атап өткім келеді, – деді С.Аманжолов атындағы университетінің ректоры Мұхтар Төлеген.

Айта кету керек, білім алушылар ЖОО-ның ресми сайтында бос жұмыс орындарының тізімімен таныса алады. Өз кезегінде, жұмыс берушілер түлектер түйіндемесінің мәліметтер базасымен жыл сайынғы «Түлек» анықтамалығында, оның ішінде «Серпін» бағдарламасы түлектерінің түйіндемесімен дербес таныса алады.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Kpttla 3 июня 2022 18:12

    order furosemide 40mg generic - <a href="https://ivermecptin.com/">stromectol over the counter uk</a> ivermectin over the counter canada

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.