Жаңа цифрлық технологияларды қолдану заман талабы

Жаңа цифрлық технологияларды қолдану заман талабы

Қазіргі таңда дамып келе жатқан болашағы зор сала ақпараттық технологиялар саласы екендігі бәріне мәлім. Жалпы, цифрлық технологиялардың біздің қоғамға берер артықшылықтары көп. Цифрлық технологияларды мемлекеттік органдардың қызметіне енгізсек, ол мемлекеттік органға тиімді болатыны және қызмет көрсету деңгейі жоғарлайтыны сөзсіз. Қарапайым тұрғындардың цифрлық технологияларды меңгеруі дамыған сайын қажетті ақпаратқа қол жеткізу және үкіметпен байланыс орнату барысында елеулі ілгерілеушілік пайда болады. Келешекте ақпаратты алмасу мен сақтауда алға басарымызға да күмән жоқ.

Ақ­­парат­тық технология­лар жедел дамып бара жат­қан мына заманда IT сала­сын да­мыт­пасақ, дамыған 30 елдің қа­та­рынан көріну қиын болады. Себебі, өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жыл­дан-жылға жақсартып келеді.

Біз цирфлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде онлайн-сауда, мобильді банкинг, цирфлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сала дарытты. Біздің заңнамамызды жаңа жағдайға бейімдеу керек. Коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керек. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді.

Соңғы жылдары  Жоғарғы сот заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы электрондық іс қағаздарын жүргізуге және сот ісін жүргізуге ауысу бойынша үлкен жұмыс атқарғанын айта кеткен жөн. Қазір, күнделікті сот тәжірибесінде соттар IT-технологиялар және ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалана бастаған. Олардың бірі, 2014 жылы енгізілген электрондық сот ісін жүргізуге ауысудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі. Бұл сервис, азаматтардың үйден шықпай-ақ, елдің кез келген сотына талап арыз беріп, кейіннен оның қаралу динамикасын бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияларды дамыту сот жүйесі үшін басымды бағыты болып табылады. Себебі ол сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету, оңтайландыру және автоматтандыру, оған қоса бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.

 

 

 

 

 

    Сагитжанова А. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының жетекші маманы           




 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

35 пікір

  1. аватар
    Zoe 8 августа 2026 13:46

    Ob Sie die bequeme Browser-Version bevorzugen oder die Performance unserer nativen Apps nutzen möchten –
    die Plattform stellt sicher, dass Sie jederzeit und
    überall Ihr Lieblingsspiel genießen können. Diese digitalen Währungen ermöglichen besonders
    schnelle Transaktionen und zusätzliche Privatsphäre. Wir haben festgestellt, dass die technische Implementierung eine sofortige Aktivierung
    ohne zusätzliche Gizbo Casino Bonus Codes ermöglicht.
    Das Gizbo Casino Sofortspiel funktioniert ohne zusätzliche Downloads direkt
    über den Browser. Die Plattform unterstützt sowohl iOS- als
    auch Android-Geräte mit optimierter Touch-Bedienung und direktem Zugang zu über 2.000 Spielen.

    References:
    https://s3.amazonaws.com

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.