Жаңа цифрлық технологияларды қолдану заман талабы
Қазіргі таңда дамып келе жатқан болашағы зор сала ақпараттық технологиялар саласы екендігі бәріне мәлім. Жалпы, цифрлық технологиялардың біздің қоғамға берер артықшылықтары көп. Цифрлық технологияларды мемлекеттік органдардың қызметіне енгізсек, ол мемлекеттік органға тиімді болатыны және қызмет көрсету деңгейі жоғарлайтыны сөзсіз. Қарапайым тұрғындардың цифрлық технологияларды меңгеруі дамыған сайын қажетті ақпаратқа қол жеткізу және үкіметпен байланыс орнату барысында елеулі ілгерілеушілік пайда болады. Келешекте ақпаратты алмасу мен сақтауда алға басарымызға да күмән жоқ.
Ақпараттық технологиялар жедел дамып бара жатқан мына заманда IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну қиын болады. Себебі, өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.
Біз цирфлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде онлайн-сауда, мобильді банкинг, цирфлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сала дарытты. Біздің заңнамамызды жаңа жағдайға бейімдеу керек. Коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керек. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді.
Соңғы жылдары Жоғарғы сот заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы электрондық іс қағаздарын жүргізуге және сот ісін жүргізуге ауысу бойынша үлкен жұмыс атқарғанын айта кеткен жөн. Қазір, күнделікті сот тәжірибесінде соттар IT-технологиялар және ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалана бастаған. Олардың бірі, 2014 жылы енгізілген электрондық сот ісін жүргізуге ауысудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі. Бұл сервис, азаматтардың үйден шықпай-ақ, елдің кез келген сотына талап арыз беріп, кейіннен оның қаралу динамикасын бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияларды дамыту сот жүйесі үшін басымды бағыты болып табылады. Себебі ол сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету, оңтайландыру және автоматтандыру, оған қоса бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.
Сагитжанова А. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының жетекші маманы
[xfvalue_img]
22 пікір