Қайрат Тұрлыбаев Қазақстан Республикасы ТЖМ-нiң Суға батқандарды құтқарғаны үшін медалімен марапатталды

Қайрат Тұрлыбаев Қазақстан Республикасы ТЖМ-нiң Суға батқандарды құтқарғаны үшін медалімен марапатталды

Төтенше жағдай жөніндегі министрi азаматтық қорғау генерал-лейтенанты Юрий Ильиннің бұйрығымен мұз астына түскен екі баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Тараз қ.ПБ ЖПҚб ЮПТ кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Қайрат Тұрлыбаев Қазақстан Республикасы ТЖМ-нiң "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды. 

Полиция қызметкеріне ведомстволық награданы Жамбыл облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ермек Момбаев тапсырды. 

Ермек Жамбылұлы Қайрат Тұрлыбаевқа балалардың тірі қалуына себеп болған батыл және табанды әрекеті үшін алғыс сөздерін білдірді. 

Оқиға 2022 жылдың желтоқсан айында орын алған. Сол күні кәмелетке толмағандар жөніндегі полиция инспекторы әдеттегідей жұмысқа бара жатқан еді. Санырақ батыр көшесімен каналдың жанынан өтіп бара жатып, көліктің сәл ашық терезесі арқылы балалардың көмек сұрап айқайлағанын естіді. 

Ол ойланбастан  көліктен жүгіріп шығып, каналға қарай жүгірді. Жақынырақ келгенде, шамамен 9-10 жастағы екі ұл баланың мұздың шетінен ұстап, айқайлап, белiне суық суда  батып тұрғанын көрді. Полиция қызметкері суға түсіп, балаларды бірінен соң бірін шығарып, үйіне ата-анасына апарды. 

"Сол сәтте мен бір ғана нәрсені ойладым: ең бастысы – балаларды тез арада құтқару. Өйткені су өте суық болды. Мен мұны ерлік деп санамаймын, азаматтарға көмек көрсету менің міндетім. Менің орнымда Отанымыздың әрбір азаматы осылай істейтін еді деп ойлаймын, - деді лейтенант Тұрлыбаев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

31 пікір

  1. аватар
    Wilbur 16 апреля 2026 22:00

    Темы для взрослых широко доступен на специализированных платформах для зрелой аудитории.
    Выбирайте гарантированные источники для обеспечения безопасности.



    Feel free to surf to my site ... купить валиум онлайн

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.