Қайрат Тұрлыбаев Қазақстан Республикасы ТЖМ-нiң Суға батқандарды құтқарғаны үшін медалімен марапатталды
Төтенше жағдай жөніндегі министрi азаматтық қорғау генерал-лейтенанты Юрий Ильиннің бұйрығымен мұз астына түскен екі баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Тараз қ.ПБ ЖПҚб ЮПТ кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Қайрат Тұрлыбаев Қазақстан Республикасы ТЖМ-нiң "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.
Полиция қызметкеріне ведомстволық награданы Жамбыл облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ермек Момбаев тапсырды.
Ермек Жамбылұлы Қайрат Тұрлыбаевқа балалардың тірі қалуына себеп болған батыл және табанды әрекеті үшін алғыс сөздерін білдірді.
Оқиға 2022 жылдың желтоқсан айында орын алған. Сол күні кәмелетке толмағандар жөніндегі полиция инспекторы әдеттегідей жұмысқа бара жатқан еді. Санырақ батыр көшесімен каналдың жанынан өтіп бара жатып, көліктің сәл ашық терезесі арқылы балалардың көмек сұрап айқайлағанын естіді.
Ол ойланбастан көліктен жүгіріп шығып, каналға қарай жүгірді. Жақынырақ келгенде, шамамен 9-10 жастағы екі ұл баланың мұздың шетінен ұстап, айқайлап, белiне суық суда батып тұрғанын көрді. Полиция қызметкері суға түсіп, балаларды бірінен соң бірін шығарып, үйіне ата-анасына апарды.
"Сол сәтте мен бір ғана нәрсені ойладым: ең бастысы – балаларды тез арада құтқару. Өйткені су өте суық болды. Мен мұны ерлік деп санамаймын, азаматтарға көмек көрсету менің міндетім. Менің орнымда Отанымыздың әрбір азаматы осылай істейтін еді деп ойлаймын, - деді лейтенант Тұрлыбаев.
[xfvalue_img]
30 пікір